Текст
30.11.2020
30 қараша 2020 жылы Жаңажол ауылы N7 НМ бастауыш сынып ұстаздарының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» атты тәрбие сағаты өтті. Оқушылар іс-шараға белсене қатысты. Елбасына арналған бейнефильм көрсетіліп, баяндама, өлеңдер оқылды. Оқушылар ән айтып, Тұңғыш Президент туралы атқарған елеулі еңбегі жайлы айтып берді.
