"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудан тарихы

Целиноград ауданы – облыстың оңт.-шығысында орналасқан әкімш.-аум. бірлік. 1928 ж. құрылған. Астана қ-нан 30 км, облыс орт. – Көкшетау қ-нан 350 км жерде орналасқан. Аудан солт-нде Шортанды, шығысында Ерейментау, Аршалы, батысында Қорғалжын, Астрахан аудандарымен, оңт-нде Қарағанды обл. жерімен шектеседі. Аудан аумағындағы 55 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орт. – Ақмол а. (1949 жылға дейін – Новоишимка а. болды).

Жер бедері негізінен жазық. Батысы борпылдақ жыныстан түзілген сәл белесті жазық, шығысы ұсақ шоқылы белесті-төбелі жазық. Кен байлықтарынан силикаттық бұйымдар жасайтын құм, кірпіш шикізаты, отқа төзімді саз, минералдық бояу, құм, қиыршықтас, т.б. кездеседі. Климаты тым континенттік, құрғақ. Қаңтар айындағы жылдық орташа темп-ра – 17ӘС, шілдеде 19ӘС, жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 360 мм. Аудан жері арқылы Есіл, Нұра, Сілеті, Ақжар, Қоянды, т.б. өзендері ағады. Көлдері көп. Олардың ішіндегі басты тұщы көлдері: Майбалық, Қосқопа, Жарлыкөл, Жалаңаш, Ұзынкөл, т.б. Жері негізінен қара және қызғылт қоңыр топырақты. Өсімдіктен бөрте жусан, ақ төскейшөп, бидайық, далалық сәлбен, шалғындық атқонақ пентүлкіқұйрық, селеу, бетеге, көде, өзен бойында қайың, көктерек, қарағай, терек, шегіршін, тал, шілік, т.б. бұталар өседі. Құстардан: дала бүркіті, ұзақ, сауысқан, дала бозторғайы, сары және ақ шақшақай, көкек, шалғын және дала құладыны, барылдауық үйреуік, шүрегей, қамыс сұлыкеші, т.б. мекендейді, сүт қоректілерден: дала суыры, сарышұнақ, қосаяқ, дала тоқалтісі, қасқыр, борсық, түлкі, қоян, ондатр, күзен, т.б. кездеседі.

 


Текст