Текст
13.10.2025
8-9 сыныптар арасында “Отан” тақырыбына диктант жүргізілді.
13.02.2025
2024 жылы ақпан айының 11 күні Целиноград ауданы Жаңажол НОМ -де 4 және 9 сыныптарда байқау сынамасы МОДО(Білім жетістіктерін бағалау мониторинг) өтті. 4-сыныпта 7 оқушы 9-сыныпта 6 оқушы Барлық оқушылар қатысты.
18.10.2024
Бүгін мектебімізде “Күз мерекем-күз берекем” тақырыбында оқушылар арасында іс-шара ұйымдастырылды. Барлық сыныптар белсенділік танытты. Оқушыларды іс-шараға дайындаған сынып жетекшілер мен ата-аналарға алғыс білдіреміз!
19.09.2024
"Мектепке жол" акциясы биыл "Балаларға бірге көмек берейік!" атты айдармен өткізілуде. Бұл акцияның мақсаты:жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету;баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты.Осы акция аясында Жаңажол ауылы негізгі орта мектебінің көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға рюкзактар және оқу құралдары берілді. Қараөткел селолық округінің әкімі Т.К.Дауылтаев он балаға көмек берсе,"Ақниет" қорынан 1-сыныптың екі оқушысына көмек берілді. Ақмол ауылының жеке кәсіпкері Джарилкапова Гульмира Қайратқызы бес оқушыға және ауылымыздың тұрғыны Тұяқ Дидар төрт оқушыға көмек көрсетті Бұл акция көптеген жеткіншектерге шапағат нұрын себуде. Акция шеңберінде оқушыларға демеушілік жасап,қолдау көрсеткен жомарт жандарға алғысымыз шексіз.Жаңажол НОМ
06.09.2024
Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, білім беру ұйымдарында психологиялық-әлуеументтік ахуал жасау және білім беру процесінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету орталығы
09.08.2024
Жаңажол ауылының негізгі орта мектебінде "Мектепке жол" Республикалық қайырымдылық акциясы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өтетінін хабарлайды.
25.05.2024
24.05.2024 күні оқу жылының аяқталуына орай "Білімім-Отаныма" тақырыбында 2-8 сыныптар арасында тәрбие сағаты өткізілді.
16.05.2024
15 мамыр медиа жоспары аясында мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: -Оқушылардың оқу жетістіктері, қорытынды аттестация ОІМ Киргизбай Р.Қ. -Оқушылардың қауіпсіздігі мен жазғы демалысы ТІМ Аманжолова Г.Д. -Әртүрлі мәселелер
06.05.2024
2024 жылдың 6- мамыр күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйым¬ының қатарына қабылд¬ау салтанатты жиыны өтті.Жиынға мектебіміздің 1-сынып оқушылары «Жас қыр¬ан» ұйымына, 5- сынып оқушылары «Жас ұлан» ұйымына қабылданды.
06.05.2024
06.05.2024 жылы мектебіміздің 9 сынып оқушылары "Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" КММ-нің аумағында ағаш отырғызу бойынша экологиялық акцияға қатысты. Балалар бұл іс-шараға үлкен қызығушылықпен және қуанышпен қатысты. Ағаш отырғызу – Отанға деген сүйіспеншілікті сөзбен емес, іспен білдіретін игі істердің бірі. Ағаш отырғызу - жер бетінде із қалдырудың тамаша мүмкіндігі. Ағаштарымыз тамыр жайып, өсіп, адамдарға денсаулық пен қуаныш сыйласын.