"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі

23.11.2020

«Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбындағы онкүндік салтанатты ашылу апталығында 1 сынып жетекшісі Рахимжанова Елена Базарбаевна "Жүрек жылуы" тақырыбында 1 сыныпта ашық сабақ өткізді.

Тақырыбы: «Жүрек жылуы »

Мақсаты:

«Қайырымдылық», «мейірімділік», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.«Қайырымдылық», «мейірімділік», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

мейірімділік, кайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;камқорлық жасауға жетелеу; мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс – іс шара

Мерекелік безендіру: Қабырға газет пен шарлар ілу, жапырақтар, суреттер

 

Мұғалім: Армысыздар, құрметті  тәрбиелі оқушылар! Барлық баланың жүрегін жылытқан, жүрегіне ана мейірімін ұялатқан, адамдық қасиеттерді дарытқан, тәрбиелі де қасиетті, өнерлі де өжетті, білімді де зерек балалардың көбеюіне ат салысқан еліміздің бас анасы Сара Алпысқызы «Өзін – өзі тану» жобасын ұйымдастырып, әлемге мейірімін шашу арқылы мұңайғанды қуантып, жылағанды жұбатып, барша халыққа күлкі сыйлады.

 «Өзіңді танысаң – өзгені де танисың» - демекші, «Өзін – өзі тану адамгершілік құндылықтардың негізі» атты «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбындағы онкүндік салтанатты ашылу жиынына қош келдіңіздер!

ІІ.Тыныштық сәті.(Жағымды күйге ену)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылдана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашуда. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

  • Балалар қандай әсерде болдыңдар?

 «Баланың бойындағы қабілетін ашып, өзіне жол таптырып, өз күшіне өзін сендіру қаншалықты маңызды десеңші. Ол өзін – өзі сыйлай білуі, ар – ұяты алдында таза болып, әділетсіз, жөнсіз әдепсіз іс – әрекеттің ақыры неге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін білуі тиіс. Мейрімділік пен махаббат жылуы жүректен – жүрекке жетіп, Әлемді Махаббат пен Қайрымдылық шуағына бөлесін.», - дейді С.Алпысқызы.

 

Бүгінгі өзін – өзі тану пәні бойынша ұйымдастырылған қорытынды жиын өз мәресіне жетті. «Көңілді күй» әуенімен  бүгінгі жиынымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст