Мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен күзгі каникул кезінде оқушылармен «Отбасымызбен кітап оқимыз шарасы өтті.
»Адам өмір сүріп отырған қоғамның ықылым заманнан келіп жеткен қазыналары мен кереметтерін кітапханадан, яғни кітап оқу арқылы табады. Кітапты ғылым, білімнің адамзат ақыл-ойының жиынтығы сақталған қазыналы сандық десек болады. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Кітапханашының басты мақсаты- кітапты ұсынбастан бұрын бала бойындағы қызығушылықты ояту. Қызығушылық болған жағдайда ғана балалар өзінің сүйікті кітаптары мен жазушыларын тауып алары сөзсіз
Кітап оқу - адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті. Ұлы Абайдың : Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге, деген сөзінен – ақ көп нәрсе аңғаруға болады.Сондықтан кітап оқу әр адам үшін қажет,кітап көбірек алғыр ойлауға баулып,албырт сезімді тежеуге,ішкі барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады.
Кітап - ол дос, жұбатушы, басшы,біздің түсініксіз және белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып, рухани қолдау береді. Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретуде оқушы сауаттанады, сөз қоры ұлғаяды, ойын еркін жеткізе алады. Сөйлегенде мәдени, әдеби тілде көптеген сөздердің баламасын тауып айтып, өз ойы бойынша мазмұндап айта алады. Көркем әдебиетті үнемі оқитын оқушылар суреттер бойынша сөйлегенде шешендік қабілеттерін де көрсете біледі сөз таңдай алады.
Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады.