"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мәлік Ғабдуллинге 105 жыл

08.11.2020

2020 жылы 15 қарашада Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин 105 жасқа толып отыр. Батыр атамыздың мұндай жасын атап өту біз үшін үлкен құрмет болып табылады. Себебі, аты аңызға айналған кісіні еске алу әрқашан ерекше сезімге бөлеп, қазақ халқында осындай тұлғаның бар екендігін есімізге салып, тұла бойымызда мақтаныш сезімін оятады.

«Менің бүкіл өмірім, менің қаным мен қуатым адамдарға тиесілі. Жүрегім кеудемде соғып тұрғанда, тамырымда қан ағып жатқанда, мен Отан үшін, өзім ұл болған қазақ халқының бақыты үшін күресемін », – деп жазды батыр ғалым өз еңбектерінің бірінде.

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. 14 жасынан бастап атақты жазушы Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. 1924-1931 жылдар аралығында М.Ғабдуллин Көкшетау қаласындағы жетіжылдық қазақ мектебінде оқиды. 1931-1935 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Педагогикалық институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімінде білім алады. 1932 жылы Мәліктің шешесі Әлия мен тоғыз бауыры ашаршылықтың құрбаны болады.  

1936-1937 жылдары әскерге барып, әскери борышын өтеп келген Мәлік Ғабдуллин 1938 жылдың басында «Социалистік Қазақстан газетінде» бас редактордың көмекшісі болып жұмыс істейді. 1938 жылы қазан айында аспирантураға түсіп, Мұхтар Әуезовтің ұстаздығын көп көреді. 1938 жылы «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары болып қызмет атқарады.

 

М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды. М.Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И. Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соңғы жылдары белгілі болған деректерге қарағанда Мәлік Ғабдуллин қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың есімі ұлықталып, оған Кеңес Одағының Батыры атағын берілуіне көп еңбек сіңірген. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-51), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951-63) болды. 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды. М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды. М.Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. "Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз" (1948), "Майдан очерктері" (1949), "Сұрапыл жылдар" (1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде М.Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, кеңес өкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) деген кітабында М.Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді. М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда (1953), Бельгияда (1957), Югославияда (1957) болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық, қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан КП Алматы облыстық, қалалық, Фрунзе аудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталған. "Қазақ халқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі. Мәлік Ғабдуллин 1973 жылы 2 қаңтарда Алматыда 57 жасында дүниеден өтті.

Соғыс басталғанда М.Ғабдуллинді институтта аспирантурада оқыды. Ол өз еркімен майданға жіберу туралы өтініш жазды. Мәлік Ғабдуллиннің саяси нұсқаушыдан гвардия майоры және Кеңес Одағының батырына дейінгі жауынгерлік жолы Алматыда құрылған және көп ұзамай Мәскеу түбіндегі кескілескен шайқастарда жоғары үкіметтік наградаға – Қызыл Ту ордені мен 8-ші гвардия атағына ие болған 316-шы атқыштар дивизиясының (командирі И.В.Панфилов) тарихымен тығыз байланысты.

Жігерлі, батыл және ерік-жігері күшті, қабілетті ұйымдастырушы бола білген ол көп ұзамай қолбасшылықтың назарын өзіне аудартты. Мәлік ротаның саяси офицері, содан кейін батальон комиссары болып тағайындалды. Дәл осы Панфилов дивизиясының батальонынан Мәскеу түбіндегі Дубосеково түбінде соғысқан жиырма сегіз гвардияшы сияқты әлемге әйгілі батырлар шықты.
Мәскеу үшін тарихи шайқаста қазақ жауынгерінің мінезі мен таланты тамаша ашылды. Бұл шайқаста Малік қатыгез және қуатты жауға қарсы күрестің ауыр және қатал мектебінен өтті. «Правда» газетінде жарияланған «Ерліктің тууы» атты очеркінде Б.Полевой оның шынайы және аянбай алысуының алғашқы күндері туралы айтады.

Мәлік Ғабдуллинді Кеңес Одағының батыры атағымен марапаттау тізімінде: «Немістер қайтарып алған Бородино ауылы маңызды стратегиялық нүкте болды, ол жерден бірнеше жол немістерді Старая Русса қаласымен байланыстырды. Фашистердің шабуылына тосқауыл қою үшін М.Ғабдуллин жолдас бастаған пулеметшілер ротасы алға ұмтылған жауға оң қанаттан соққы беруге жіберілді. Жан аямай арпалысқа түскен 7 сағатқа созылған шайқаста М.Ғабдуллин бес рет шабуылға шықты. Шайқас кезінде жау өлтірілген және жараланған жүздеген сарбазынан айырылып, шегінуге мәжбүр болды. Сөйтіп Бородино ауылы алынды» – деп, ерлік іздері жазылған. Фашистік басқыншыларға қарсы шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 30 қаңтардағы Жарлығымен Мәлік Ғабдуллинге «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.

Просмотров: 576


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст