"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.04.2018

Жаңажол ауылы тұрғындары «Алжир» лагері тұтқындарының есінде де қалған

Жаңажол ауылының тұрғындарының ел есінде қалғаны тарихтан куә болған жайттары да баршылық. Бүгінгі аудан орталығы Ақмол (Малиновка) атауы да шындығында ол жердің тарихи атауы - Қосқопа болған. 1937-1953 жылдар аралығында азаптау лагерьлерінде 20 мыңға жуық әйел болған. «Сол әйелдердің 8 мыңы «АЛЖИР» лагерінде отырды. Бұл ретте, сол кездегі «Қосқопа» бүгінгі Жаңажол ауылы тұрғындарының жанашырлығын, қамқорлығын, мейірбандығын, адамгершілігін, ең бастысы, тапқырлығын айтпай кетуге болмас.

Себебі, олар далада жұмыс істеп жүрген әйелдерге тас лақтырғандай кейіпте жүріп, шын мәнісінде, құрт лақтырып отырған. Әйелдер сол құрттарды жинап, аз уақыт болса да жүрек жалғайды екен. Бұдан бөлек, ауыл азаматтары қамыстың арасына нан, май, ет тастап кететін болған. Бұл жайттарды Гертруда Платайс есімді неміс әйелінен естігеннен кейін Раиса Голубева деген мұғалім «Құрт – асыл тас» деген өлең жазған», күйеулерінің «қылмысы» үшін нақақтан күйген мұңлықтар жазасын өтеді. Сондай-ақ, 37-нің ойранына ұшыраған қаптаған қайраткерлердің әпке-қарындастары, тіпті қаршадай қыздары да осы лагерьге айдалды. Алаш арыстарының аяулы жарлары аяусыз азап шекті бұл арада. Арқаның ақырған аязы, ақ түтек боранымен алыса ауыр жұмыстар істеді. Қабырғалары қайысып қамыс шапты, масаға таланып мал бақты. Одан қалса тігін цехтарын ашып, майдандағы әскерге киім-кешек жөнелтті. Өздерінің аш-жалаңаш екен­деріне қарамай, өзгелердің жағдайын жақсартуға аянбай атсалысты. Ең бастысы, етегінен ұстаған арыс­тай азаматтарынан оларды ешкім айныта алмады, беттің арын белдеріне түймеді. Қорлық-зорлықтың қисапсыз қиындықтарына мойымады. Қарақан бастарының қамымен адалдықтың ала жібін аттамады. Ар-намыстарын арзан пендешілікке айырбастамады. Келер күндерден күдер үзбей күрескерлікпен күн кешті. Тоталитарлық жүйенің тоңмойын жендеттері айтқандарына көнбеген «асауларды» жуасытудың небір айла-тәсілдерін ойлап тапты. Қулық-сұмдықпен құрылған бұл қақпаннан құтылу әрине оңай емес еді. Аранға түскен арулардың арасында кімдер болмады десеңізші? Атақты әртістер де, айтулы ақындар да, қызыл өкіметті құрысқан биліктегі бибілер де, қазан-ошақ қасындағы қарапайым әйелдер де абақтының атала көжесінің дәмін бірге татысты. Кейде осынау нәзік жандылардың замана зұлматына қалай төтеп бергендеріне қайран қаласың. Суықта солмайтын қарғалдақтардай сталиндік репрессияның ызғарынан ықпай, қайғы-қасіреттің сұрапыл дауылына қажыр-қайраттарын қарсы қоя білген асқақ рухты аналардың ерен ерлігіне бәріміз бас июге тиіспіз. Саман кірпіштен салынған салқын барактарда тұрған байқұс қыз-келін­шектер жақын маңдағы жергілікті жұрттың қамқорлығын сезініп, секем­шіл жүректеріне сенім дәнін септі. Қиын-қыстау кезеңде де кісілік қасиет­тердің кіндігі үзілмегеніне іштерінен шүкіршілік етті. Қараңғы түнектің түбінен жарық сәуле көргендей көкіректерінде көмексі үміт оянды. Тұтқын­дар еңбек ететін Жалаңаш көлінің жағасындағы қалың қорықтың ішіне Жаңа­жол ауылының тұрғындары әдейілеп қалдырып кеткен құрт-ірімшік, сүт-айран, тары-талқан сияқты тағамдар аштықтан бұралған бұрымды бейбақ­тардың өзек жалғауына септігін тигізгенін шерлі шежіреге айналдырған өлең жолдарын оқығанда еріксіз елжірейсіз. Айтқандай, осы жаңажол ауылының сол уақыттардағы тұрғындары жайлы былай деген еді. Яғни, бұдан алты-жеті жыл бұрын, сол уақыттың өзінде АЛЖИР-дің ең соңғы тұтқыны саналған астаналық Анна Григорьевна Енданова Низамуддинованың жанары жасқа шылана ағынан жарылып «жер бетінде қазақтай қайырымды халық жоқ. Өздері жарым құрсақ жүріп, талғажау етер таба нандарының жартысын бөліп бізге бергенін ұмытсақ адамдықтан мүлдем ада болғанымыз» дегені осынау ауылдың жасаған жақсылығы емей немене. Біз мұны қашаннан мейірімді қазақтарға алғыстарын айтқан өзге ұлт өкілдерінің шын жүректен шыққан сөзі ретінде қабылдадаймыз. Жаңажол ауылына апаратын жол бойындағы Жалаңашкөл жақта тұтқын әйелдер алыстан арқалап қамыс тасыған таптаурын жолдың сорабы әлі сайрап жатыр.

 

Просмотров: 575


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст