Тарих пәні мұғалімі:
Киргизбай Рустем Кисаұлы
Қырықбай баба жайлы құнды деректі 2014 жылы жарық көрген «Тегімді менің сұрасаң...» еңбегінің авторы осы ауылдың тумасы Құсайынов Амангелдінің жазбаларынан алып отырмын.
Ол кісі Қырықбай баба туралы толғауын былай бастайды.Төртінші атам Қырықбай көріпкелі бар, емші, сынықшы адам болған екен.Бұл кісі «Бес кемпір» зиратына жерленген, міне сол зираттың үстінде кейінгі уақытқа дейін шырақ жанып тұрған. Қазіргі уақытта міне, сол атамыздың зиратына тағзым етуге және әртүрлі ауру сырқаудан емделуге келеді.Қырықбай баба 17-18 ғасырлар шамасында өмір сүрген. Бабамыз өз уақытында емшілік, құмалақ салу, көріпкелдік қасиеті болған. Алдына дертіне шипа іздеп келген адамдардың тамырын ұстап, ағзадағы өзгерістерді айтып бере алатын қасиеті болған. Емдеу жолдарын айтып көмектескен.
Онымен қоймай аяқ-қолы сынған, бұғанасы тайған және басқа ота жасау арқылы емдейтін ауруларды, сылап-сипап, орнына қойып берген.
Бұдан басқа да ем қолдана білген, құяңды (ревмотизм), уқалау (массаж) арқылы емдеген. Аллаға сыйынып ем жасаған.Жаратушының құдіретімен салған сынығы, жасаған емдері сырқаттарға дәру болған. Міне сол бабамыздың мәйіті Жаңажол ауылы мен Еңбекші ауылдарының арасында орналасқан «Бескемпір» бейітінде жерленген. Басына орнатылған құлпытаста «Менің затым, тегім қырғыз, басыма бой көрсетіп келген Азаматым. Өз кезімде ел көтеріп, күрестім жамандықпен, қазағымды көтерер ата жолымен, аманатым!»
Жағары ұста тілімді,
Жоғары ұста дінімді,
Сал дәстүрден таймасаң,
Сен Қазақсың білімді!
Ртеде сол зираттың басында шырақ жанып тұратын, ол кейінгі уақытта сөнді, көрінбейді.
Қазіргі уақытта халық емшілері осы зиратқа келіп, бабамыз Қырықбай атамыздың басына тағзым етуге және әртүрлі ауру-сырқаумен емделіп жүрген, адамдардың дертіне шипа болуын тілеп, алып-келіп жүреді.