"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11.03.2018

Ауыл тарихы - ел тарихы /1 бөлім/

Оқушыларды туған жерін,Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту, рухани құндылықтармен тарихы арқылы өткенімізді жаңғырту.

Иә, ауыл деген кімге болса да тумасы үшін маңызы зор алтын бесік-ошағы, қара шаңырағы.

Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, құнды дүниелерімізді, зерттеп- зерделеп, жинақтап сақтайтын да оны халыққа жеткізіп, келер ұрпаққа аманаттайтын да өзіміз. Ал

бүгінде ол ауылдағы білім ордасы. Ауыл - қазағымның тамыры, рухы, тарихы, шежіресі, қара шаңырағы һәм алтын тұғыры. Ауыл - қазақтың тамырына қазақылықты сіңірген, небір нәубеттерден аман алып шыққан, жауһар салт-дәстүрлерімізді аялаған, ұлы тұлғаларды дүниеге келтірген, асыл дініміз бен тілімізді сүйгізген және халқымыздың қара қазанын ортайтпаған алып та қасиетті қазынамыз. Ауыл -қаймағымыз сыпырылып, санымыз азайып, қанымыз сұйылып, рухымыз әлсіреп, санамыз жүдеп, жанымыз тарыққанда қазағын биікке көтерген құтқарушымыз десем артық айтпағаным. Ауыл өзге ұлттарды  жатсынбай құшағына сыйғызған, ашыққанға нәр болған, әлемдегі ең қонақжай, ең жомарт қасиетті қара шаңырағымыз. Сол қасиетті де жомарт құтқарушы, қонақжай, алтын тұғыр ауылымыздың бүгінгі жайы қалай? Кешегі тарихы қалай? Ауылымыз қаншалықты өзгерді, қандай жаңалық, жаңашылдық бар бүгінгі мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі басқосуда мәліметтермен құлағдар етсек.

ЖАҢАЖОЛ ауылы тарихы

«Ауылдың тарихын айтар болсақ. Ауыл іргесі кеңес үкіметі құрылмай тұрғанда қалыптасқан. Ауыл үлкендердің

айтуынша алғашқы уақыттарда шашырап орналасқан бас аяғы 10-15 үйден ғана құралған екен. Сарыоймақ, Көктал, Қожамқұл, Қопа, Жота, деген қоныстар қазіргі ауылымыз Жота ауылының орны. Бертін келе әуелгі аталған кішігірім ауылдардың барлығы біріктіріліп, Жаңажол ауылы атаныпты. Осы мекенде 17-18 ғасырда өмір сүрген Құл баласы Қырықбай деген баба өзі бақсы ата болған. Бұл туралы зерттеу жүргізіп жүрген экспедиция мүшесі Серік Аллажарұлы ағамыз. Қазақтың кез келген ауылы бұл дәстүрді кешегі көшпелі дәуірден бастап жүзеге асырған еді. Ауылдың тарихы кешегі колхоз болмаса, совхоз кезінен құрылған жоқ, бұл ұлы Қазақ хандығы құрылған дәуірден

басталады.Ауыл тұнған шежіре. Көл жағалай орын тепкен ауыл тумасының кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Алғашқы үйлер шамамен 1928-1930 жылдары салына бастаған. Ауылдан 7 шақырым жерде Қырман колхозының кеңсесі болған жер «Полевой стан» аталған. 1933 ашаршылық жылдары салына бастаған. 1933 жылдары ашаршылық жылдары, ауыл жұрты бастарынан үлкен ауыртпалық кездерді өткізеді. 1934 жылы егін шығып, жағдайлары жақсара бастаған халықтың еңселері көтеріліп, аз да болса да көптей көріп қанағат тұта бастайды. Кезінде көшіп бас сауғалап кеткендер елге, туған жерге қайта орала бастайды. Бұдан кейінгі жылдар ағымында Жаңажол мен Еңбекші ауылдары қосылып Абай атындағы колхозға айналды. Ел болып етек жеңдерін жиып, жұмыстың қауырт кезеңі басталады. Осылай алғашқы атқарған жұмысына қарай еңбеккүн жазылып, жалақы орнына бидай мен арпа берілді. Мұның өзі шыққан егінге де байланысты болған екен. Егін бітік шықса ғана берілген еді.

Онсызда күндерін әрең көріп отырған ел басына ауыр хабар жетті. Ол Ұлы Отан соғысы еді. Қара шаңырақтан

қазанында қайнап-піскен дәстүр, қонақжайлық үрдісі  әлі күнге дейін үзілген емес. Бүгінге дейін үш ұрпақ ауысты. Ұлы көштің қатарына қосылып, зеңгір көкті бетке алып самғаған қырандардың саны қаншама. Олардың барлығы атадан қалған мирасты азық етпей, өрісін кеңейтіп, бүгінде мал басын көбейтіп отырған бір-бір шаңырақ. Әдет-ғұрпын жаңғыртып, ел экономикасын өркендетуге де барынша атсалысқан. Ұрпақ үндестігі дегеніміз де осы болар. Ұлттың ұлылығын сезіну үшін әуелі оның тарихына, шыққан қазығы ауылына, содан барып тарихты құрастырған тұлғаларының жан дүниесімен қалдырған өсиет-мұрасына үңілу қажет. Сондай елеулі жандардың бірі ауылдағы Бәтимә әжей комбайнда, Баяндалина Күлпән, Елесіз, Бағила, Смайлова Батима, Әлібекова Қара, Сыздықова Балжан, Оразалина Сәбилә, Бектайсин Жәбікен т.б. ауыл тұрғындары мал өсіріп, егін салған.

Осы өңірдегі ең алғашқы мектеп Қопа ауылында салынған. Мектеп қазіргі Жаңажол ауылымен Ақмол ауылының жол қиылысында бала бейіт маңында болған. Бертін келе 1953-54 жылдары ауылға 7 жылдық мектеп салынды. «Абай» колхозы 1955 жылы Ақмол совхозына қосылды. Осылай 1957 жылы Жаңажол атанып, Ақмола совхозына бөлімше болып қосылды. Совхозға қосылған жылдары тың игеру науқаны белең алды. Жаңа техника атаулы тракторлар, комбаиндар келе бастады. Егін салу аумағы кеңейіп, диірмендерге астық ағыл-тегіл төгіліп жатты. Сол

жылдары басқарманың бөлімше бастығы тағайындала бастады. Алғашқы ауыл бөлімшесінің бастығы болып Абуғали Асубаев ақсақал тағайындалды. Елге сыйлы тұлғаның бірі болған соғыс ардагері болған қария. Ауыл халқы «текті аға» деп құрметтеген. Ауыл тұрғындары негізгі шаруашылығы мал өсіру және егін

шаруашылығымен айналысқан.Ауылда еңбегімен озат, данагөй қариялар, білікті тұлғалар өмір сүрген. Кеңес өкіметі кезеңінде Мәскеуде өткен бүкіл одақтың көрмесіне барып қайтқан «Еңбек қызыл ту» орденімен марапатталған Жұмадәлдә деген ақсақал, еңбек ардагері ардақты азамат болған Қадыр деген адам. Әкесі Жақып деген өңірге белгілі емші, әрі сынықшы болған жан. Ауылдан шыққан осы емші Жақып ақсақалдың немересі Жұмаш ағамыз да білікті дәрігер. Сондай-ақ орыс, қазақ, араб тілін жетік меңгерген білімді тұлғаның бірі Әбілқасым Жұмағұл деген

жан.  Коммунист болған соғыс ардагері Байжұман деген қария болған. Соғыстан кейін ауылда аграном, мал дәрігері болған тұлға. Ауылда мұғалім болған Серік Сыздықов, қоғам қайраткері, партия, кеңес

қызметшісі колхоздың нағыз озаттарының бірі болған Аяш деген ақсақал.  Малт шаруашылығының бригадирі соғыс ардагері болған Қошқаров Қамзе, соғыс ардагері Рахымжанов Бекен, колхозда бухгалтер болған Әкпәр деген адам.

Просмотров: 789


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст