Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Етістік туралы түсінік беру.Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы тақырыпты тереңірек меңгерту.
ә) дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. Шығармашылық жұмыс түрлері арқылы белсенділіктерін арттыру.
б) тәрбиелік:Ұлттық салт – дәстүрлерді қадірлей білуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ – жауап, ойын, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: конфет ,парақшалар,сұрақтар,сөзжұмбақ, қамшы, сақина, орамал,акт.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс, ұлттық ойын сабағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Парақшадағы сөздерді оқып,сұрақ қояды.Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді алған балалар бір топ.Не? сұрағына жауап беретін сөздерді алған балалар екінші топ.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. .
«Қайда менің өз жағым?» ойыны ойнатылады.
Ойынның шарты:I жақ,II жақ, III жақ деп жазылған және анам,анаң,анаңыз,анамыз,т.б. үш жақта жекеше,көпше тәуелденген бірнеше сөз парақшалары жасалады.
Ойын тәртібі: Тақта алдына шақырылған үш оқушыға I жақ,II жақ, III жақ деген жазулар беріледі.
Оқушылар жазуларды алдарына ұстап,бір-бірінен қашық тұрады.Қалған оқушыларға тәуелденген сөздер жазылған парақшалар үлестіріледі.
Ойын басталысымен тәуелдік жалғаудың бірінші жағы болып тұрған оқушы: «Қайда менің өз жағым?» дейді.Осы кезде бірінші бірінші жақтың тәуелдеулі сөз жазылған парақшалары бар оқушылар I жақтың қатарына келіп тұра қалады.Осы тәртіппен екінші ,үшінші жақтың қатарлары да тұру керек.Дұрыс тұрған оқушыларға бір конфет беріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме.
Мұғалім: — Біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті өтіп жүрген сабақтан өзгеше, ұлттық ойын сабағы.
— Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер ?
— Қыз қуу,сақина салмақ,орамал тастамақ,асық алу,т.б. .
1. «Шашу».
Қазақ халқы кішігірім қуаныштың өзіне қуанып, шашу шашып, ақ тілегін көрсеткен. Ендеше, сендердің нұрлы келешектеріңе қуаныш, сәттілік тілеп, шашу шашайық.
— Мына кәмпиттер жай кәмпиттер емес, сиқырлы кәмпиттер. Олардың әрқайсысында сұрақтар жазылған. Осы сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, кәмпитіміз шын түріне айналады.
— Түбір сөз дегеніміз не?
— Қосымшалар нешеге бөлінеді ?( Жұрнақ деген не? Жалғау деген не?)
— Туынды сөз дегеніміз не?
- Зат есім дегеніміз не?
—Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не?
— Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?
Қызығушылықты ояту:
Дәрігер емдейді. Бие құлындайды.
Мұғалім оқытады. Құс ұшады.
Биші билейді. Тігінші тігеді.
Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қай топ бірінші қойып шықса,сол топ жеңеді.
Бұл сөздер қай сөз табынан?
Жазылып тұрған сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?
Бұл қай сөз табы?
-Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз етістік деп аталады.
Ереже:Заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.Етістіктерге не істеді? Қайтті? Не қылды? Деген сұрақтар қойылады.
Етістіктер нешеге бөлінеді?
Ереже:Етістіктер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.Дара етістіктер бір сөзден тұрады:барды,келді,кетті.
Күрделі етістіктер екі немесе одан да көп сөздерден құралады:алып бар,қайтып кел,көріп кет.
Балаларға бүгінгі күнді жазып,көркем жазу.
2. «Орамал тастамақ» ойыны. 1 – жаттығу.(Өлеңді жатқа жаз.)
Шарты: мына орамалды кез келген оқушының алдына тастаймын, сол оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.(Сол оқушы өлеңнен етістіктерді тауып астын сызады.)
Сергіту сәті:
3. 2-жаттығу
Шарты: әр топқа сурет беру, суретпен жұмыс жүргізу.
(Сурет бойынша әңгіме құрастыру.Етістіктерді тауып астын сызу.Етістіктер қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.)
4. «Қыз қуу» ойыны.3-жаттығу
Шарты: Тақтаға бір ұл мен бір қыз оқушы шығады. Тапсырманы бірінші орындаған оқушы жеңіске жетеді. Ұл жеңілсе, қызға қамшымен арқасынан ұрғызады. Қыз жеңілсе, өз өнерін көрсетеді.
Тапсырма:
Бағбан көктемде қураған бұтақтарды кесті.Ат жегілген арба келеді.Асқардың туған күніне достары доп сыйлады.Аспанды қою бұлт торлады.Ақын өлең жазды.Әуежайдан әлемнің әр қаласына ұшақтар ұшты.Құстар ағашты зиянкестерден қорғайды.
1. «Сақина салмақ» ойыны. 4-жаттығу (ауызша)
Тапсырма:
Қаз бен үйрек 110 градусқа дейінгі суыққа төзеді.Керіктің тілінің ұзындығы 60 сантиметрге жетеді.Аралар сары гүлдерге көбірек қонады.Кактус жылына бір рет гүлдейді.Жапалақ қорегін түнде аулайды.
ІҮ.Сабақты қорытындылау.
Сөзжұмбақ шешу:
1.Айдос ауылдан келді.
2.Алыстан тау көрінді.
3.Малшылар жайлауға көшті.
4.Бек кассаға ақша төледі.
5Мұғалім әдемі жазуға үйретті.
6.Аян інісіне көмектесті.
Ү.Үйге тапсырма:48-бет 5-жаттығу (Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жаз.)
ҮІ.Бағалау.Балалардың жинаған конфеттерін санап бағалау.