«Мектеп аруы 2018» байқауы өтті
№7 Жаңажол негізгі мектебі «Мектеп аруы 2018» атты байқауы өтті.
Байқауға 5-9 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері қатысты. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды.
Ең алдымен барлық қатысушыларды құттықтаған мектеп директоры Қ.Қ.Мауленова сәттілік тілеп, мереке қарсаңында
ұстаздарды құттықтады.
Барлы қатысушылар ең алдымен "Өзін -өзі таныстыру" кезеңінде Бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Мұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түстті.
2 кезеңде "Мерекелік дастархан" Бұл бөлімде әр сынып әзірлеген мерекелік дастарқандарын таныстырды.
3 кезең "Өз өнерін көрсету" Арулар би билеп, ән шырқады.
4 кезең "Оюлар сыр шертеді" бөлімінде қағаздан ою ойып мағынасын түсіндірді.
5 кезең "Сән үлгісі түрлері " Қолдан жасалған киім үлгілерін көрерменге тарту етті.
Соңғы кезең "Сынып сыйлығы " деп аталды мұнде әр сыныптың мерекелік әзірлеген өнерден, әннен, биден өз өнерлерін ұсынды.
Сайыстың қорытындысында 1 орынды 8 сынып арулары иеленсе.2 орынға 9 сынып арулары иеленді. 3 орынды 5 сынып арулар ие болып әділқазылар алқасы сыйлықтармен марапаттап, мақтау қағаздарын табыс етті.