"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.03.2018

Ауылымның шежірелі байлығы атты семинар

 

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауылымның шежірелі байлығы» атты экспцициялық семинар ұйымдастырылды.

Атаулы семинарға Ақмол ауылы әкімі жерлесіміз ауған соғысы ардагері Дүйсекеев Жанат Төлеуұлы, аудандық білім бері бөлімінің әдіскері Г.Қ.Нурмуханова, Қ.Сериковна, №5 Ақмол мектебінің тарих пәні мұғалімі Серік Аллажарұлы, №8 Қаражар мектебінің директоры Б.Б.Тұяқов, мектеп директоры Қ.Қ.Мауленова, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Г.Д. Аманжолова, және мектеп оқушылары қатысты.

  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық көлемде ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты да кіндік қанымыз тамған жерімізге деген сүйіспеншілікті білдіру, өзіміздің тарихымызға, мәдениетіне, салт-дәстүріге терең бойлай білу, отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықты рухани жаңғырту арқылы жас ұрпақ бойына қалыптастыру. Халқымызда «Ұлтарақтай болса да ата қоныс жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып өскен ел қымбат» деген қанатты сөз бар. Бұл сөз әр адамның туған өлкесі, өніп өскен жері өзіне ерекше қымбат екендігін білдіреді. «Ауыл тарихы – ел тарихы» деген ұстаныммен, бүгін өлкенің, Жаңажол ауылының өзіндік табиғи және тарихи даму ерекшеліктерін ескере отырып, өңірді мекендеген халықтың, өзіндік дәстүрі мен мәдениеті, кешегі өткен тарихы мен шежіресі және бүгінгі тыныс-тіршілігін ауылымыздың шежірелі рухани құндылығы баяндалды.

Ең алдымен тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Г.Д. Аманжолова шараның мақсаты және бағдарламасымен таныстырып өтті. Атаулы шарада  «Ауыл тарихы – ел тарихы» жайлы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Д. Оралбекұлы баяндама жасады. Құғын-сүргін жылдарында кезең бойынша «Ел есінде қалған ауыл»  тақырыбында 7 сынып оқушысы Қиса Жұлдыз баян етсе, тарихта қалған 26 нүкте аталған «Алжир» лагері дегенде Жаңажол ауылының да қандай маңызы болғанын айтпай кету мүмкін емес. Раиса Голубеваның «Құрт – асыл тас» атты өлеңіне де арқау болған Жаңажол ауылы тұрғындары жайлы «Құрт асыл тас» өлең жолдарын 7 сынып оқушысы Әбілқасым Айым мәнерлеп жатқа оқып, өлең жолдарын талдап берді.  Семинарға қатысушылар назарына сол Жаңажол ауылының сол кезеңдердегі бейнебаяны да ұсынылды. Шара барысында «Тарихи мекен қоныстар» жайлы да мәліметтерге тоқталып, осы

өңірді мекен еткен болыстар туралы тың ақпараттар берілді. Яғни, жазғы жайлаулары да, қысқы қыстаулары да Темеш руы болысының Нұра бойымен, Шінет, Қосқопа және Бортас көлдері жағалауларын бойлай көшкендігі жөнінде баяндалса, Нұра өзені, Шінет, Қосқопа және Аққұм көлдерінде Байдалы-Алтай, Тінәлі ру болыстарының қыстаған мекендері туралы түсінік берілді.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Киргизбай Рүстем Қисаұлы осы мекенде өмір сүрген бақсы, балгер елге белгілі «Қырықбай баба» туралы мағлұматтар ұсынды. Бүгінде әулиенің бейіті осы өңірде орналасқан. Семинар бағдарламасы бойынша Жаңажол ауылының «Ұлы Отан соғысы жылдарында» және Социалистік еңбек ерлері бөлімінде 9 сынып оқушылары Амиржанова Риза, Ахмедина Гүлназ ауылдағы белгілі тұлғалар мен ардагерлер жайлы баяндама жасады. Сол қиын кезеңде ауылдағы әйелдердің егін салып, алғашқы тракторларды жүргізіп еңбек еткен сәттерін баян етіп, бейнефильм көрсетілді. Оқушылар сол уақыттардағы ел үшін аянбай еңбек еткен Абишев Мәулен ата, Сүлейменов Аппас ата, Төлепбергенов Аман ата сынды тұлғалардың өмір-деректерінен мағлұматтар айтты. Сонымен қатар ауылдан шыққан елге белгілі тұлғалармен азаматтар жайлы толық ақпарат берілді. «Ауған соғысының ардагері» Дүйсекеев Жанат Төлеуұлы жайлы да 8 сынып оқушысы Зайкенова Зарема баяндама жасап, семинарға қатысқан Жанат ағамыз өз кезегінде  да ауылдың ел тарихындағы алатын орнымен маңыздылығына тоқтай келе оқушыларға өнеге боларлық ауылдың тұлғаларының тарихын білгендіктері, туған жердің шежіресін танып-біліп талқылап жатқандығына ризашылығын білдіріп, өз тілегін арнады. Сонымен қатар шара барысында ағымдағы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының қолдауымен  және Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен өңірлік «Туған жерім» шығармалар байқауының жеңімпазы 9 сынып оқушысы Абылкасимова Назерке туындысынан үзінді оқыды. 8 сынып оқушысы Темір Дариға «Елорда тарихы» жайлы ғылыми жобасын баян етті. Семинар қорытындысында мектеп ұжымының әзірлеген «Ауылымның шежірелі байлығы» концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Кіндік қаны тамған жерді қастерлеуде халқымыздың алдына жан салмайтыны осындай далалық даналықтың әсер-ықпалынан болар. Кез келген жан туып-өскен ел мен жерді шыбын жанындай жақсы көретіні шындық. Қастерлі мекеннің ұлтарақтай бір бөлігі – Жаңажол ауылы мекені тарих пен шежіреге тұнып-ақ тұр. Аталмыш шарада тағылымы мол игілікті істің бірі болды деп есептейміз. Рухани жаңғыру деген осындай ел шажіресімен сабақтасқан шаралардан бастау алады.

 

Дидар Оралбекұлы

 

 

 

 

Просмотров: 861


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст