Сыныбы: 5 Өтетін күні: __________
Сабақтың
мақсаты:
1.Сабақта қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету
2.Оқушыларды шаңғы дайындығына қызықтыру
3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Өткізілетін орны: даладағы спорт алаңы.
Керекті құралдар: ысқырғыш, секундомер, шаңғы
Сабақ бөлімі |
Сабақтын мазмұны |
Уақыты |
Ұйымдастыру нұсқаулары |
Дайындық бөлімі |
1. Сапқа тұрғызу, кезекшінің баяндамасы
2. Теория мәліметтері, сабақтың тақырыбы, мақсаты.
3. Шаңғыны дұрыс таңдау, дайындау
4.Сабаққа дайындығын тексеру, шаңғысын, киімін, бас киімін, қолғабын
5.Шаңғымен сапқа тұрғызу |
10 мин |
Мұғалім сыныпты сапқа тұрғызып сабаққа дайындайды. Мұғалім баяндама тыңдап, оқушылармен амандасады. Мұғалім сабақтың тақырыбын түсіндіреді және оның мақсатын қойып қалай жасаудын түсіндіреді Әр оқушы өзін бойына сайкес шаңғы алып, таяқтарын алып, кыстырғышын тексеріп, таяқтарын тексеріп, шаңғыны тексеріп, батенкесін алып киіп қысатын қыспайтынын тексеріп бауын байлап көру. Шаңғыны киіп орнында бір екі қадам жасап, тексеріп дұрыстау. Шаңғыны шешіп, таяқтарымен бірге қойып күту. Мұғалім сөзбен айтып қалай оқушы сабаққа киіну керегін түсіндіреді. Бір сапқа тұрғызып оң қолда шаңғы ұстап сол қолда таяқ ұстап сапқа тұрады. Әр оқушы өз шаңғысының нөмірін жаттап келесі сабақта сол шаңғыны алады, үйде шаңғы болса алып келуге болады |
Негізгі бөлімі |
1. Даладағы алаңға шығу
2. бір сапқа тұрғызу, шаңғыңы кигізу дайындалу
3.жай жүріспен 500 метр жүру
4.ЖДЖ шаңғымен
5.Баспалдақ тәсілін үйрену. Ауыспалы адымды жүріс
|
30 мин |
Топырламай далаға шығу. Сапты оңға бұрып шаңғыны еденнен көтеріп дайындалу. Спорт залдан бір бірлеп шығамыз, шаңғыңы оң иыққа тіреп тіке ұстап алып шығамыз. Сапқа тұрып арақашықтықты 1метр сақтап шаңғыны киеміз. Арақашықтықты сақтап шаңғының жолымен 500 метрдей жүреміз. 1. б, қ.- шаңғыда түрып, қолды алма кезек алға–артқа айналдырып жасаймыз, басты оңға және солға айналдырамыз, отырып тұру, оңға-солға адым басып жасаймыз, таяқтарға тіреліп алма кезек аяқтармызды былғандатып басамыз.
бір қадам жасап сырғанап алма кезек таяқпен итерліп жүру
сырғанап екі қадам жасап сырғанап таяқтармен итерліп жүру |
Қорытынды бөлімі |
1. Сапқа түру. 2. Сабақты қорытындылап, бағаны айтып қою. 3. Мектепке кіргізіп, шаңғыны қабылдап жинау. |
5 мин |
Үйге тапсырма: Кросс1.5 км. Ж.Д.Жаттығулары |