"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

04.03.2017

Сабақтың тақырыбы: Домбыра

Мақсаты: Ұлттық аспаптар туралы мағлұмат беру.
1. Қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы - домбыра туралы түсінік беру. Оның шығуы, құрылысы туралы

аңыздарға тоқталу.

2. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу.

3. Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру

І. Алғашқы ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
"Бала тілі - бал" бағдарламасы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару.

Жұмбақ

Боз арғымақ,аузы жоқ,

Мұрны жоқ – екі құлақ,

Белінде белбеуі бар бунақ – бунақ.

«Шу» деп,саусақпенен шертіп қалсаң,

Шабады жүйрік әуен тулап – тулап.

Домбыра


Екі ішектің бірі қатты,

Бірін сәл-сәл кім бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ - домбыра! - деген өлең жолында айтылғандай, бүгін біз ең ежелгі, ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық аспап - домбырамен танысамыз.

Сабақтың тақырыбы: Домбыра.

Сұрақ - жауап арқылы:

- Кімнің үйінде домбыра бар?

- Домбыраның құрылысын кім біледі? Сұрап, толықтыру. Басы, құлағы, пернелері, мойыны, ішегі, ойығы, шанағы, тиегі, түймесі.

Суреттен көрсету

Видеоны көрсету.

Слайдтан көрсете отырып, құрылысын түсіндіру.

Домбыраны шебер тартатын өнер адамдары бар. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған, қос ішекті шертіп ойнайтын аспабы. Домбыраны балқарағайдан жасайды. Шерткенде үні таза болу үшін ағашты суға қайнатады. Ішегін ешкінің ішегінен жасайды.

Сергіту сәті

- Небір қуанышты, қайғылы, мұңды оқиғаны домбырамен жеткізген.

- Домбыраның шығуы мен құрылысына байланысты аңыздар бар. Кім біледі? «Ақсақ құлан» ертегісінің видеосын жіберу.

- Міне бұл ертегіден не түсіндіңдер? Оқушылар түсінік айту.

Ой түйіндеу.

Дәптермен  жұмыс
Домбыраның суретін салу. Домбыра әнін айту

Үйге тапсырма: Ән жаттау.

Бағалау.

Просмотров: 678


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст