Сабақтың тақырыбы: «Етістік»
Сабақтың міндеті: Іздеймін және табамын,ойланамын және біліп аламын.
Сабақтың мақсаты:
1) СТО технологиясы арқылы етістік тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту,тақырыпты толығымен талдап,мазмұнынын ашу.
2) Етістік тақырыбы арқылы оқушылардың шығармашылық сөздік қорын молайту,оқушылардың жек өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту,ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
3) Оқушыларды ұйымшылдыққа,тәртіптілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,көрсету,салыстыру.
Көрнекілігі: парақшалар,қима қағаздар,суреттер,акт.
Пән аралық байланыс: әдебиет
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
Сәлеметсіздерме, апайлар!
(Парақшаларды таратып, "Кім?" бір топ, "Не?" екінші топ бөліп отырғызу)
Үй тапсырмасын қайталау:
Қолдарыңдағы парақшалардағы сөздер қай сөз табына жатады? (Зат есімдер) Олай болса зат есімдердің ережелерін қайталайықшы.
1. Зат есім дегеніміз не?
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есімдер дейміз.Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады. Адамға кім?, жануарлар мен заттарға не? Деген сұрақ қойылады.
2. Жалқы есімдер дегеніміз не?
Кісінің аты-жөні,жер-су аттары,жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.
3. Жалпы есім дегеніміз не?
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз.
4. Зат есімдердің қандай түрлері болады?
Зат есімдердің жекеше және көпше түрлері болады.
5. Зат есімнің жекеше және көпше түрі дегеніміз не?
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, тау, өзен. Кімдер?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, оқушылар, т.б.)
6. Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады?
Зат есімнің көпше түрі -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғануы арқылы жасалады. Бұл қосымшалар көптік жалғау деп аталады.
Үйге берілген жаттығуда заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызып келу керек еді.
Аңдар жүгіреді, құстар ұшады, жыландар жорғалайды, ал балықтар жүзеді. Балықтар жүзіп қана қоймайды. Ұшқыш балықтар судан ауаға қарай секіреді. Ал теңіз әтеші деп аталатын балық су түбінде серуендеп жүреді.
Біз өткен сабақта заттың қимылын білдіретін сөздермен таныстық. Заттың қимылын білдіретін сөздер не істейді?қайтеді? деген сұрақтарға жауап береді дедік.Енді мен не істедім?(жүрдім).
Суреттерді көрсетіп, суреттегі заттармен не істейміз деп сұрау. Сөзжұмбақ шешу.
Ендеше заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. (Слайдтан көрсету)
Енді бүгінгі күнді, тақырыпты жазып алайық. Ереже дәптерге ережені жазу.
Тақтамен жұмыс:
Екі топтан бір-бірден шығып, 1-жаттығуды орындау.
Қой маңырайды. Мысық мияулайды.
Сиыр мөңірейді. Күшік үреді.
Жылқы кісінейді. Әтеш шақырады.
Түйе боздайды. Қаз қаңқылдайды.
2-жаттығу
Көктем келді: құс келді,
Күн ұзын, түн қысқа енді.
Көктем келді: су ақты,
Күннің көзі шуақты.
Көктем келді: гүл өсті,
Көбелектер гулесті.
Сергіту сәті.
3-жаттығу.
Сурет бойынша екі топ әңгіме құрастырады. Сөйлемдердегі етістіктердің астын сызу.
4-жаттығу.
Жіппен келеді,
Үзсең, сөнеді.
(шам)
Қорытынды: Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Түсінбеген жерлерің барма?
Семантикалық парақшамен жұмыс.
Үйге тапсырма: 149-бет,5-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Бағалау: Топтардағы жұлдызшаларды санап, жеңген топты анықтау. Күнделіктеріне бағаларын қою.