Жаңажол ауылы
№7 негізгі мектеп
«Негізгі мектепті
бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру»
салтанатты жиыны сценариі
2016-2017 оқу жылы
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! 2016-2017 оқу жылында Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінен 5 оқушы мектепті бітіргелі отыр. Жыл сайын дәстүрге айналып осындай мерзімде мектептен 9 жыл білім алған оқушылар мемлекеттік сыннан өтіп, білімдерін саралап куәлік иесі атанып жүр. 9 жылдық білімді тәмамдап бітірем деген ниетпен оқушыларымыздың бірі әрі карай 11-сыныпта жалғастырса, бірі колледж студенті атанып жүр. Құрметті оқушылар, бүгін де сіздер осындай мақсатпен салтанатты жиында бас қосып отырсыздар.
2-жүргізуші:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды шығады, - деген нақыл сөз ойға оралып, білімді оқушылардың асар биігі алда екендігі сөзсіз. Мектеп ұжымы 9 жыл білімді үлкен жетістікпен аяқтап, мектеп мақтанышына айналып, бүгін «Үздік куәлік» иесі
атанып отырған Аманжолова Мөлдір мен Қазалиева Еңлікті және «Жақсы куәлік» иесі атанып отырған Бекенов Елжанды, Кумарова Маралды және Махметова Камиланы мақтан етеді.
Ендеше, алғашқы сөз кезегі және негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру рәсімі мектеп директоры Мауленова Қаршыға Қазалиқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Бүгінгі түлектеріміздің ұстаздарына деген рахметін қабыл алыңыздар. «Мектеп» әні
2-жүргізуші:
Өнерлі оқушы қашанда биік шыңдарғы шығатыны сөзсіз. Төмендегі мектеп атынан «Алғыс хатқа» ие
болайын деп отырған оқушыларымыз өздерінің мектептегі шәкірттік уақыттарында мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектептен тыс жерлерде де, қалалық, облыстық, тіптен халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып мектеп намысын қорғаған, биыл негізгі мектебін бітіріп оқуларын колледж жанында және
11 сыныпта жалғастырам деген ой мазалап жүрген оқушыларға мектеп ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіріп «Алғыс хат» тапсырылады.
1-жүргізуші:
«Алғыс хат» тапсыру рәсімі мектеп директорына беріледі.
2-жүргізуші:
Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Сапасы биік адал дос табыңдар.
1-жүргізуші:
Құттықтау сөз мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аманжолова Гульнара
Дайыргельдиновнаға беріледі.
2-жүргізуші:
Ұстаз – ұлы есім. Оның алдынан өтпеген жер бетінде пенде жоқ. Сіздердің қызықтарыңызды бөліскен, қиындықта бірге жүріп белдескен сынып жетекшілерің ортамызда.
Олай болса құттықтау сөз сынып жетекшісі - Киргизбай Рустем Кисаулына беріледі:
Назарларыңызға «Ұстазға мың
тағзым» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Өсті деп ой санамыз
Өрлетті мектеп анамыз
Өріне шығып ғылымның
Нәріне білім қанамыз
Балам, бір саты ер жетті деп ата-аналар да қуаныш үстінде. Ата - ананың мақсатын орындау балалардың
міндеті.
Келесі сөз ата-аналарға беріледі.
2-жүргізуші:
Бүгінгі таңда мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтың – адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бұған жету жолдары - еңбек, ізденіс, сапалы білім.
Құрметті оқушылар еңбек етіп білім шыңына жетіңіздер.
1-жүргізуші:
Осымен 2016-2017 оқу жылындағы 5 оқушыға негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлік тапсыру салтанатты жиынын жабық деп жарияланады.