"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.06.2017

Жаңажол ауылы

№7 негізгі мектеп

«Соңғы қоңырау»

салтанатты жиынының сценарийі. 

2016-2017 оқу жылы

 

№1 Фанфары ойнап тұрады. 

Осы кезде әдемі музыка әуенімен жүргізушілер шығады: Аманжолова Г.Д., Куандыков Н.Т.

1-жүргізуші:

Армысыздар қадірлі қонақтар, құрметті ата-аналар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» салтанатты жиынына

жиналған қауым.

2-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар! Міне, тағы бір оқу жылы аяқталды, тағы бір соңғы қоңырау сыңғыры, мектеп бітіргелі тұрған түлектеріміз үшін соғылғалы тұр.

1-жүргізуші:

Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Мектеп!Мектеп – мол қазынасы бар, баға жетпес білім байлығы мен сарқылмас нәр жиып беретін алтын ұя. Жарқын шақтардың елесі болар, ерке балалықтың куәсі болар алтын ұямызда бүгін соңғы қоңырау мерекесі.

2-жүргізуші:

Ендеше, биылғы 2016-2017 оқу жылының түлектерін құрметпен ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер. Қошеметтеп қарсы алайық!

1-жүргізуші:  

№2 Фанфары ойнап тұрады

Алдарыңызда оқу үздіктері және мектеп мақтаныштары. Мектепішілік білім сынақтарының

жеңімпаздары. Аудан көлемінде өткен спорттық және пәндік олимпиада жүлдегерлері. «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары» жеңімпаздары. Аудандық «Жарқын болашақ» сайысының «сахна саңлақтары» номинациясы бойынша жеңімпаздары:

Ø    Аманжолова Мөлдір

Ø    Бекенов Елжан

Ø    Казалиева Еңлік

Ø    Кумарова Марал

Ø    Махметова Камила

Біз бұл оқышыларымызды мақтан тұтамыз. Оларға алдағы өмірде туған мектептерінен алған жақсы білім мен өнегелі тәрбиені шыңдап, мықты маман иелері болуларына тілектеспіз.

2-жүргізуші:

Құрметті қауым, бүгінгі «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: 

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

2-жүргізуші:

Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек:

1. АББ келген әдіскер _____________________________________________

____________________________________________________________________

2. Қараөткел ауылдық округінен келген маман ________________________

____________________________________________________________________

3._______________________________________________________________

4._______________________________________________________________

1-жүргізуші:

Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылығын ешкімнен аямаған,

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.

Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры Мауленова Қаршығы Қазалиқызына сөз береміз. (құттықтау сөз сөйлеп түлектерді марапаттап өтеді) №3 Фанфары ойнап тұрады

2-жүргізуші:

Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Сөз кезегі АББ келген құрметті қонағымыз ____________________________________________ беріледі.

1-жүргізуші:

Ұрпағым ұландары текті жердің,

Қашан да болмысыңа сүйенемін.

Келешек ғалымдар да, даналар да,

Шығады өздеріңнен деп сенемін! -  дей келе келесі сөз кезегін ардақты ұстаз  Бекенова Ғайни Қамарқызына береміз.

2-жүргізуші: 

Ата-ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ата-ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ата-ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ата-ана деген – алтын қазық, алтын бақ. -  Бүгінгі мектеп бітіруші түлектердің ата-аналар сөз алады.

1-жүргізуші:

Жас түлектің өмірлік құштары гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр. - дей отырып, ендігі сөз кезегін мектеп түлектеріне береміз.

Мектеп түлектерінің концерттік бағдарламасы:

№1 монолог. Оқитын: Аманжолова Мөлдір

№2 монолог. Оқитын: Казалиева Еңлік

І. Ән: «Мектебім Аяулы - мектебім»

№3 монолог. Оқитын: Кумарова Марал

№4 монолог. Оқитын: Бекенов Елжан

ІІ. Ән: «Ұстазым менің»

№5 монолог. Оқитын: Махметова Камила

ІІІ. Ән: «Ана-әке»

2-жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

1-оқушы:

Ғұлама білгіш ғалымнан,

Оқушы жас жалыннан,

Жазушыдан, ақыннан,

Ел қорғаған батырдан,

Мың бұралған бишіден,

Ой тербеткен күйшіден,

Оқыған жас, кәріден,

Оқушының бәрінен

Түлектерге мың сәлем!!!

2-оқушы:

Тоғыз жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Апалар мен ағалар!

Орындалды ойыңыз.

Құтты болсын тойыңыз!

3-оқушы:

Үлгілі болып сіздердей

Үлкейеміз біздер де.

Біз де ойшыл, өнерлі

Боламыз істің шебері.

4-оқушы:

Көп екен «төрт»,бесіңіз»

Өмірде өстіп өсіңіз.

Талай сыннан өттіңіз

Кәмелетке жеттіңіз

Қыран болып ұшыңыз,

ВУЗ-ға барып түсіңіз.

5-оқушы:

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз.

6-оқушы:

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен.

Әрқашан сәтті жол болсын

Сапарларыңыз оң болсын!

IV. Ән: «Бала тілегі» орындайтын 1-cынып оқушылары (сыйлықтарын табыс етеді)

Мектеп бітіруші түлектер 1-сынып оқушыларына тілектерін айтып сыйлықтарын табыс етеді.

1-жүргізуші: 

Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?

Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?

Тоғызжыл сыныбы үшін жанын салған,

Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде.

Ортаға сынып жетекшілері: құрметті ұстаздарымыз Рахимжанова Елена Базарбаевна мен Киргизбай Рустем Қисаұлын қошеметпен шақырамыз.

2-жүргізуші: 

Қанатын қағар ақ жолдан

Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.

Жарқыраңдар жұлдыздай

Қарасын жұрт таңырқап.

Аяқтап бүгін мектепті

Гүлдерге толды қолдарың.

Шаттықтан тіпті ес кетті ,

Сәт-сапар болсын жолдарың.

1-жүргізуші: 

Білімге басқан жастарың,

Ғылымды іздер үңіліп,

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда күліп тұр үміт.

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болыңдар білікті.

2-жүргізуші:  

Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен 9-дың алтын кілтін

Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Мөлдір мен Еңлік білімнің «алтын кілтін» жоғары көтеріп тұрып, бірге:

Орнымызды нық басар деп,

Тапсырамыз «Алтын кілтті»

Білімнің «алтын кілтін» 2017 жылғы «үздіктер»  Аманжолова Мөлдір мен Қазалиева Еңлік 2018 жылғы  «үздікке» үміткер Ахмедина Гүлназға тапсырады.

Гүлназ:

Білімнің «алтын кілтін» абыроймен сақтаймын! Сәт сапар сендерге түлектер.

1-жүргізуші:

Ортаға осыдан 20 жыл бұрын бүгінгі түлектер секілді жүректері лүпілдеп қимастықпен мектеппен қоштасқан. Қазірде түрлі мамандыққ иелері болған, өмірден өз жолдарын таба білген тағы бір қонақтарымызды қарсы алыңыздар. Бұл кісілер алтын ұя мектептебін сағынышпен еске алғалы келіп отыр. Ендігі сөз кезегін 1997 жылғы түлектерге береміз.

2-жүргізуші:

Келесі тағы да бір сөз кезегін мектеп директоры Қаршыға Қазалиевнаға береміз. Ол кісі биылғы 2016-2017 оқу жылында жетістіктерге жеткен оқушыларымызды марапаттайды. №3 Фанфары ойнап тұрады.

1-жүргізуші: 

Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Шақырайық вальске түлектерді

Қоштасудың вальсін айтып тұрып.

V. «Қоштасу вальсі» Ортаға мектеп бітіруші түлектер ән әуенімен шығып, вальс билейді.

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, аталардан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық аталарды. -  дей отырып ортаға Қиса атаны батасын алуға шақырамыз.

2-жүргізуші: 

Бұл соңғы қоңырау үні. Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні. Осыдан 9 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы... сендер де сондай тәтті едіңдер, бір

сәт балалықпен қауышыңдар... Әне, олар сендерді үлкен өмірге аттандыруға бара жатыр... Жүректерің не дейді?

1-жүргізуші:

Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,

Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.

Сол бір сәттер енді қайта келер ме?

Балалығым біз өзіңді қимаймыз,                

2-жүргізуші: 

Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.   

Бүгінгі күн – жас түлектің жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн. Тек биіктен самғай беріңдер көгершіндер.

1-жүргізуші:   

Үлкен  өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!!!

2-жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн

«Сәт сапар!» - деп қол бұлғайық бәріміз,

Тілейік біз армандарға жеткенін.

1-жүргізуші:     

Гүлдерге толып омырау

Түлектер тойын тойлайды.

Қағылмақ соңғы қоңырау

Қаққызбай өмір қоймайды.

«Соңғы қоңырау» соғу салтанаты құрметпен 9-сынып оқушысы Кумарова Марал мен 1-сынып оқушысы Мұқатай Жансаяға  тапсырылады. (мектеп жайлы әуен ойнап тұрады)

2-жүргізуші:

Осымен, «Қош бол, алтын ұя мектебім!»  салатанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.

 

Просмотров: 1499


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст