"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11.01.2018

Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы Еліміздің алдағы жылдарға жоспарланған стратегиялық мақсаттармен міндеттерін айқындалған бүкіл халыққа, жалпы ортақ еңбек қоғамына үндеген аса маңызды құжат болып табылады. Осы орайда Жаңажол №7 негізгі мектебінің ұстаздар қауымы да Елбасының биылғы Жолдауын талқылады.

Өйткені Президент Жолдауы еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат. Әр жыл сайынғы Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, білім саласының өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Мемлекет басшысының 10 міндет жүктеген биылғы Жолдауының ерекшелігі де осы. Бұл ретте Президенттің Жолдауы көптеген мәселелерді қамтып отыр. Жолдауда білім саласы жан-жақты қамтылғаны қатты қуантты. Осы орайда білім саласы ұлт көшбасшысының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Сонымен қатар ол мұғалімдердің елеулі еңбегіне лайықты баға беріліп отырғандығын сөз етті. Жолдауда мұғалімдердің еңбекақысын жоғарылату туралы айтылған. Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырды. Бұл орайда «Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары»,-деп Елбасы атап  өтті.

Әсіресе, мұғалім мамандығының беделін көтеру керек деген сөзімен қоса оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны аясында қайтадан оқыған мұғалімдердің лауазымдық жалақысы дәлелденген біліктілігіне байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өседі деген сөзі де ұстаздарды қуантты. Осындай қолдау, қызметімізге шабыт берері анық. Бұл орайда мұғалім мамандығының қадір-қасиетін барынша арттыру қажет екендігі де айтылды. Біздер мұғалім болғандықтан, бізге осы жетінші міндет көп ой салып отыр. Айталық, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы бойынша білім беруге көшкен мұғалімдердің айлық жалақысы 30-50 пайызға дейін өсетіні, сондай-ақ Жолдауда рухани-әлеуметтік мәселелер де орынды қозғалып отыр. Соның бірі – адам капиталының жаңа сапасы туралы мәселе. «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет»,- деген Мемлекет басшысы одан әрі бұл міндетті шешудің жолдарын нақтылай түседі. Соның ең бастысы білім беру бағдарламаларын өзгерістерге үнемі бейім және жаңа білімді меңгертуге бейімдеу болып табылады. Осыған орай 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет болады. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу тездетілуге тиіс.

Мұғалім мәртебесін көтеру олардың әлеуметтік жағдайына да тікелей байланысты дейтін болсақ, Елбасының жаңа Жолдауы бойынша мұның да бір түйіні шешіледі деп ойлаймыз. Жалпы, Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның жаңғыруын жаңа белестерге көтерудің нақтылы бағдарламасы болды десе де болады. Ол біздің жігерімізге жігер қосып, болашаққа деген сенімімізді нығайта түскені сөзсіз.

Жаңажол №7 негізгі мектебі

мұғалімдері.

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст