Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімімен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс
саналады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдаламасында:
“Жастарды қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек”, – деп ерекше мән беріп тоқталған болатын.
Осыған байланысты тәрбие сағаттарының ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді. Бірінші –танымдық, екінші - тәрбиелік,
үшінші - дамытушылық.
Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздім.Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады. Ауыз әдебиетінен мысалы: «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т.б.шығармаларында – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі атап көрсетіледі. Ал Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі, шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны», «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл туса», «Әй, Махамбет жолдасым». Патриоттық тақырыпқа оқыған шығармаларынан І.Есенберлиннің «Көшпенділер», М.Мақатаевтың өлеңдерін де атап өтті.
Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы
ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Бұлай екпін түсіріп айтуының өзі қазіргі еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан тәуелсіздікке жетіп отырған тәуелсіз мемлекеттігіміздің тұрақтылығын сақтап, оны болашаққа аманат етуді көздейді. Міне, осы тұрғыдан келсек, мемлекеттік дәрежедегі мәселе білім беру саласында патриоттық cезімде тәрбиелей оқыту мәселесінің өзектілігі әрқашан да маңызды болып қалмақ.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып саналады. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген бабалар рухына сай тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблемаларының бірінен саналады.
Педагогика тарихына үңілсек, Отанға деген сүйіспеншілік, оны жүзеге асырудың жолдары туралы айтылған тұжырымды ойлар жетіп артылады. Ертедегі грек және рим ойшылдарының (Платон, Цицерон, Аристотель, т.б)
еңбектерінде тәрбие идеялары көрініс береді.
Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап,
оны бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыруда ұтымды қолдану – уақыт талабы.
Зерттеуші ғалымдардың, педагогтардың тұжырымдары бойынша, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуда баға жетпес
педагогикалық құрал – батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда сомдалуы болып табылады десек, одан қазақ батырларының бойындағы елдік қасиеттердің жиынтығы да, азаматқа тән адамгершілік болмысы “сегіз қырлы, бір сырлылық” та, шешенге тән алымдылық та,
данаға тән білгірлік те, биге тән көсемдік те, әулиеге тән көрегендік те табылады.
Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төстіктің қаһармандығын, Бекет атаның бойындағы әулиелігін, Исатай батырдың ел
бастаған билігін, Сырым батырдың шешендігін, Б.Момышұлының батырлығын айтуға болады. Тамыры терең патриоттық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді.
Президент Н.Назарбаев “Қалың елім – Қазағым” жинағында “…Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы
елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…” және “Біз қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге-дәстүрін, әдет-ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау” деп жазған еді.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Демек, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизммен бірге қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше маңызға ие.
Қазақстанның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе – патриотизмнің негізі сол болмақ. Елбасы өзінің “Тарих толқынында” кітабында:
“Ұлттық бірліксіз патриотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады”, – деп ұлттық бірлікке ерекше мән береді. Бірлік пен татулықтың маңызына халқымыз да бейжай қарамаған. “Бірлік болмай, тірлік болмас”, “Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер”, “Ынтымақсыз – ел оңбас” деп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп отырған. Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру.
Қазақстанды Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының ой-пікірі Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.
2010-2013 жылдар Қазақстан үшін елеулі тарихи оқиғаға толы жыл болды. Бұл жылдары біз дамыған әлем мемлекеттерінің қатарында басымызды жоғары көтеріп, аяғымыздан нық тұрып өз күшімізбен қуатымызды әлем алдында көрсете алдық. Еуроппадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға етіп көптеген мемлекеттердің арасындағы саяси шиеленістерді шештік. 1-2 желтоқсан аралығында Елордамыз Астана қаласындағы самиттің тарихи маңызы өте зор, себебі болашақ – ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімнің алаулап ұшуына үлкен септігін тигізді. 7-ші қысқы Азия ойындары халықтың спортқа деген қызығушылығын, салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза – бойы әсем, жігері берік ел екендігін көрсетті.
Осы тарихи оқиғаларға байланысты сыныбымда «Ай дидарлы , ару Астана »тақырыбындағы тәрбие сағаты
өткізілді.Эстетикалық тәрбие ала отырып , оқушылар бойында Отаны үшін мақтаныш сезімі, Отанына адал еңбек ету
құлшынысы пайда болды. Сабақта Астана туралы слайдтар көрсетілді, олар Астана туралы әнмен көркемделді. Астананың гүлденуімен қатар, Елбасымыздың Астанымыздың гүлденуіне қосқан орасан зор үлесі атап көрсетілді. Астананы көрген оқушылардың алған әсерлері тыңдалды.
«Еліміздің туын желбіреткен қазақстандық спорт тарландары» тақырыбындағы тәрбие сағатында азаматтық – патриоттық , құқықтық және полимәдениеттік тәрбиесі іске асты. «Үш тұғырлы тіл» байқауы да оқушылырдың танымдылығы мен дамытушылығын арттыра қоймай , патриоттық сезімдерін оятты.
«Азиада аламаны», «Бейжін олимпиадасындағы Қазақстан спортшыларының табысы» тақырыбындағы тәрбие сағаттары да оқушылардың бойында спортқа деген қызығушылығын арттырып қана емес, олардың патриоттық сезімдерін дамытты деп ойлаймын.
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау,халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Сондықтан «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында өткен жарыс сабағы да оқушылардың білімін ұштап қана қоймай, әлеуметтік – мәнді қасиеттерін қалыптастырды.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп–ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.
Оқушылардың патриоттық сезімін арттыру мақсатын көздеген тәрбие сағаттарында әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып өткізу тиімді.
Интерактивті тақтаны қолдана отырып, оқушыларды жай тыңдаушы ғана емес, сол тәрбие сағатын өткізуге үлесін қостырып , ал ол үшін қосымша материалдар оқып, іздеп, оны жолдастарына жеткізе білуге баулу , өз еңбегінің үлесі бар екенін сезіндіру мақсаттары тәрбие жұмыстарында көптеп орын алды. Сол себепті тәрбие сағаттарында оқушылар жай тыңдаушы ғана болмай, белсенділік қабілеттерін, ізденімпаздық қабіліеттерін арттыра алады.
«Қазақстандағы экологиялық проблемалар, Оны шешудің жолдары», «Қазақстан экономикасының даму барысы қай сатыда ?» тақырыбында өткен тәрбие сағаттарын, «Ауыл экономикаы қалай дамуда ?» тақырыбындағы пікірсайыс өткізгенде оқушылар белсене атсалысты.
«Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның
өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді». «Желтоқсан лебі» тақырыбындағы
тәрбие сағаты оқушылардың жас ерекшелігіне қарай баяндама тыңдалып , диафильм
көрсетіліп , сөзжарыс түрінде өтті. «Табиғат, адам ,қоғам. Олардың байланысы» тақырыбындағы тәрбие сағаты да патриоттық тәрбиемен байланысты болды.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді
ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.
Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа
әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала
білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш
азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.
Қоғамдардың даму тарихы патриотизмнің мемлекет тарапынан қажетті және пісіп жетілген өзгерістерді жүзеге асырудың басты ресурсы екендігін көрсетті. Мемлекет, партия, қоғамның белсенді бөлігі аса маңызды реформаларды жүзеге асыру кезінде сәйкесінше символиканы, құндылықтарды, идеалдарды, мақсаттар мен принциптерді, бір сөзбен айтқанда, идеологияны қалыптастырады және оларды қорғай отырып дамытады.
Мұндай мәселелер қазіргі таңда тәуелсіз даму жолына енді ғана түскен мемлекеттердің көпшілігінің алдына қойылуда. Ендеше бүгінгі патриоттық идея да, патриоттық тәрбие де қазіргі заман адамдарына, олардың талғамдары мен мүдделеріне сай анық та түсінікті түрде болғаны жөн. Қазіргі заманғы патриоттық идеология мемлекеттің құрылу процесіндегі барлық жетістіктерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді басымдықтар мен талаптарды да назарына алуы керек.
Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл тұрғыда алғанда, республикамыздың оқу-тәрбие мекемелерінде белгілі деңгейде әр түрлі шаралар жүргізілуде. Қазақстан тарихы мектептерде, орта арнаулы және жоғары білім беру мекемелерінде оқытылуда, тарихтың жарқын беттері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталуда, қаһармандарымыздың есімдері ұлықталып, олардың аттары елді мекендерге, көшелерге, мектептерге, түрлі мекемелерге берілуде. Алайда тарихтың ақтаңдақтарын жеткіліксіз оқып-үйрену, түрлі тарихи және ғылыми теориялардың арасындағы келіспеушіліктер мен айырмашылықтар, жастардың төл тарихына деген қызығушылығының айтарлықтай аз болуы, өзге, әсіресе батыстық идеология мен теориялардың басымдық ықпалы бұған көп кедергі жасауда. Көп ретте жастардың бұқаралық, тіпті кейде арзан мәдениетке елтіп, этномәдени, дәстүрлі, ұлттық бастаулардан алыстап кетуі, өкінішке қарай, қалыпты және кеңінен тараған үрдіске айналды. Біздің ойымызша, одан шығудың басты жолы - қазіргі білім беру мекемелерінде этномәдени білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу.
Патриоттық сезім отбасынан басталады. Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар тәрбиесінің ролін түсірді. Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі арнасын жоғалтқан патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмасы анық.
Бұл туралы Президент Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуына қатысты жақында жазылған
Бағдарламалық тапсырмалық мақаласында ерекше ескерте келіп: «Мен жас ұрпақтың ел болашағы үшін маңызын атап көрсетіп келдім және атап көрсете беремін. Мемлекет әрбір жас адамның өз
еліне міндетті түрде қажет болуы үшін бәрін де жасайды» - деген болатын. Осы ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, бізге, жоғары оқу орындары ұстаздарына, тек оқу және оқыту процестерін төңіректемей, жастар болмысына әсер ететін құбылыстарды тұтастыра қарағанымыз жөн.
Біздің университеттің тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, жоғары азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл, толерантты, шығармашылықты, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау. Тәрбие қызметіміздің басты міндеті: студенттердің корпоративтік рухын көтеруге бағытталған, жеке тұлғаның рухани және шығармашылықты үздіксіз дамуына, өзін-өзі дамытуына,
кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, сыни көзқарас пен ойлаудың стандартты емес үлгілерінің болуына, мәдени-толеранттылық, белсенді жасампаздық бастау, тағы да басқа адами ұстанымдарды қалыптастыратын тәрбие беру жүйесі мен тәрбиелік ортаны құру мен қолдау. Аталған міндеттер мен мақсаттар болашақ студент жастар бойында корпоративтік рухты қалыптастыруға; университеттік қауымдастықпен бірлесу сезіміне тәрбиелеуге; университеттің дәстүрлерін құрметтеуге, сақтау мен молайтуға; білім алуға деген жауапкершілікті күшейтуге; азаматтық және патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыруға; мемлекеттің Рәміздері - Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Гимнін мақтаныш етіп, оларға құрметпен және қастерлеп қарауға; қоғамдық-саяси сауаттылық негіздерін қалыптастыруға; студенттерді заңдылықтарды, қоғамдық және ұжым өмірінің нормаларын құрметтеу рухында тәрбиелеуге; ұлтымыздың өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсетуге; Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениетіне толерантты түрде қарауға; әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге және үн қосуға даяр болу сияқты иммунитет қалыптастырады деген ойдамыз.
Осылардың ішінде біз патриоттық тәрбие мен қоғамдық-саяси сауаттылықты қалыптастыруға басымдылық береміз. Өйткені патриотизм жастармен қоғамдық сана негізінде ұғынылуы керек. Жастардың мүдделері мен қажеттіліктерінің басымдықтарын мойындау;