"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.01.2018

 «Қазіргі заманғы Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлттық қоғамның табысының негізі»

Мемлекет әр азаматтың өмір сапасын, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік бергенде елімізді сүйеміз және мақтанамыз. Осы тәсіл арқылы патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне шынайы көзқарас оянып, жаңа қазақстандық патриотизм құндылықтары қалыптасады. Бүгінгі таңда патриотизмді қалыптастыру мәселесін зерттеу, қазіргі қоғамның дамуы үшін, теориялық және тәжірибелік маңызды екеніне күмән жоқ. Өйткені ол қоғамның бүгінгісі мен келешегін анықтайтын қозғаушы және біріктіруші факторлар қатарына жатады. Патриотизм мәселесімен терең тамырлас, құрамдас болып, байланысты дамитын ұғымдар Отан, ана тіл, жер, ұлттық мәдениет, ұлттық идея, ар-намыс, ұлттық мүдделер және т. б. жатады. Қазіргі таңдағы қоғамдық, саяси-экономикалық ахуалдың адам факторынан, рухани дамуымыздың маңыздылыққа ие болып отырған өзекті мәселелердің бірі — қоғамда патриотизмді қалыптастыру. Азаматтарды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде кең көлемде дамуына, ана тілімізді арындай сақтауға, ел бірлігін нығайтуға атсалысу негізгі мәселелердің қатарына жатады. Елдің рухын көтеру, ұлттық мақтаныш сезімін оята білу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, елжандылық сынды қасиет қалыптастыру — тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы үшін айрықша маңызды мәселе болып отыр. Патриотизм түсінігі кез келген саяси, әлеуметтік, этникалық топтың ғасырлар бойына тұтастығын қамтитын құбылыс екендігінде дау жоқ. Осы себептерге байланысты еліміздің қоғам мүшелерін біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор.

Сондықтан қазіргі жағдайда қоғам мүшелерін рухани-адамгершілік және патриоттыққа тәрбиелеудің қазақстандық

азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ. Мемлекет Басшысы Жолдауда «Қазақстан патриотизмінің іргетасы — барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы

жауапкершілігі», — деген болатын. Негізгі бағыттары қатарындағы жаңа қазақстандық патриотизм; барлық этностар

азаматтары құқықтарының теңдігі; қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы; мәдениет, дәстүр және даралық; ұлттық интеллигенцияның рөлі; ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін мәселелері бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Тең құқықты, тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтар көпұлтты қоғамдағы барлық этностық әркелкіліктерді

біріктіре алады. «Жаһандану дәуірі — көпұлтты мемлекеттер дәуірі», — деп Ұлт көшбасшысы нақтылағандай, «барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру — барша қазақтың басты

қағидасы болуы шарт» . Қазіргі әлемде халықтық көркем шығармалар, ұлттық спорт түрлері, фольклор, ұлттық медицина мен педагогика, мерекелер мен салт-дәстүр сынды мәдениеттің дәстүрлі түрлеріне мән беріліп жатыр.

Мұны ұғыну арқылы адамзат мәдениеттің рухани қайнар-көздеріне терең бойлайды. Біздің төл мәдениетіміз мыңдаған жылдар шеңберіндегі көшпенділер ортасында, Еуразия құрлығының орталығында дүниеге келді. Ұзақ кезеңдерден өткен, отырықшы тұрмыстың жаңа қағидаларын сіңіре отырып жоғары дамыған көп құрылымды мәдениетіміз өз тілі мен салт-дәстүрлерін сақтап, қазақ халқының құндылықтары ретінде дамуда. Сонымен бірге, халқымыздың генетикалық толеранттылығы қазақстандық мәдениеттің бастауы болып, мейірімді қазақ жерінде өмір сүріп жатқан жүз отыздан астам этностар ерекшеліктерімен санасады. Қазақ елінің тәуелсіздігі саясат, экономика, әлемдік қауымдастықтағы рөлінің өсуіне ықпал етуімен қатар, мәдениетіміздің дамуына жол ашты. Патриотизмге тәрбиелеу жұмысы мемлекеттілікті бекітудің және еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз

ететін негізгі шарттардың бірі. Бұл шара жүйелі түрде жүріп, саяси әлеуметтендірудің институттары арқылы өз бағыттарын айқындауға тиіс деп ойлаймыз. Патриоттық рухта тәрбиелеу сөзбен немесе кез келген шарамен

қалыптаспайтындығын ұғына отырып, патриотизм адамдардың айналада болып жатқан жағдайларға қарап отансүйгіштік орын алатындығын түсінген абзал. Егер олар дұрыс, жақсы өмір көрсе, егер еңбегі мен зейініне құрмет көрсетілгенін сезінсе, әлеуметтік жүйе әділетті жүрсе жағымды пікір қалыптасады. Аталмыш қажеттіліктерді адамзат сезінбесе, қаншалықты әдемі сөздер мен шаралар өткізілгенімен оның көзбояушылық қасиетін халық сезінеді.

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст