"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.01.2018

 

«Рухани-адамгершілік тәрбиесі»

 

Қазіргі кезде білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбие беру, сондықтан құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда  оны  түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.

Қазақ  халқында әуел бастан отбасы ең басты құндылықтардың бірі саналған. Ұлы  Абай  «Балаға  көбіне  үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі-ата-анадан, екіншісі –ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан. Солардың үшінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады»-деген болатын. Баланың  алғашқы қадамы отбасынан басталады, сондықтан да бала жақсы әдетті де, жаман әдетті де ең алдымен отбасынан алады.Баланың бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,  яғни адамгершілік  құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімді болуда отбасы үлкен рөл атқарған.Сол ұрпақты тәрбиелеп, ұясынан ұшырып, тұғырынан қондыратын орта, ол-отбасы деп санаған. Ертең үлкен қамалдарды бағындыратын,елі үшін еш нәрседен тайынбайтын,жұртына қамқор азамат осы отбасынан шығады.Әсіресе баланың өмірге белсенді көзқарасының бағытын үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Ал оны біздің дана халқымыз ертеден-ақ білген, сол үшін «жақсылықты алдымен аңана жаса», «Бала-бауыр етің», «Әке-асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» деген сияқты мақал-мәтелдерді ұрпағына аманат етсе керек. Қазақ халқы  баланың рухани-адамгершілік тұрғыда дамытып, өзін қоршаған ортаға мейіріммен қарауға тәрбиелеген. Ата-әже мен әке-шешенің қарым-қатынасы

баланың адамгершілік жағынан толысып жетілуіне үлкен үлес қосады және ізгілікті іске баулиды.

Қазақ отбасында ұл бала мен қыз баланың тәрбиесіне үлкен мән берген. Ұл бала мейірімді,ізетті болғанымен, керек жерінде ержүрек, батыл болуын талап еткен.Сол бағытта тәрбие берген.Ал қыз баланың тәрбиесі мүлдем бөлек. «Қыз жат жұрттық» екенін ертеден есте ұстаған қазақ қыздарын ерекше құрметтеген.Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу-жүрек жылуы, қайырымдылық, аяушылық, өзара көмек беру қасиеттерінің көрініс беруіне бағытталған рухани-адамгершілік құндылықтарды оқушылардың бойынан шығаруды айқындайтын оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде мектептің маңызды міндеті болып табылады.

«Адамға ең бірінші-білім емес,рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»,-деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай,бүгінгі болашақ ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің орны

ерекше.

Мектеп жасындағы кезең балалардың осы жастағы тұлғаның әрі қарай ұйлесімді дамуы үшін негіздері қаланатын ізгі

қасиеттерді тәрбиелеу маңызды.Сондықтан да мектептегі тәрбие үдерісі, тәрбие және оқу қызметтерінің бірлігін қамтып,оқушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылардыңтұлғасын дамыту мен тәрбиелеу бірнеше бағыттарда жүзеге асырылады., мысалы: сабақ,мектептен тыс жұмыс,сыныптан тыс іс-әрекеттер  және  оқу-тәрбие  үдерісі ұйымдастырылған кеңістік.Тәрбиелеу ісінде нәтижеге  қол жеткізу үшін жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде барлық бағыттар бойынша оқу-тәрбие жұмысының жалпы жоспары іске асырылып,тұлғаны тәрбиелеу міндеті шешіледі.

Мектептің тәрбиелік жүйесі оқушы тұлғасын тәрбиелеу үшін құрылады және ізгілік бағытта болуы тиіс.Ол балаларға тек сабақ, оқулықтар,үй тапсырмалары арқылы ықпалын тигізіп қоймай,сонымен қатар қоршаған ортамен үздіксіз байланысы арқылы,оқушылар,сынып жетекшілері,ата-аналар арасындағы құрылатын құндылықтық қатынастар арқылы; мектептегі ересек адамдар мен балаларды біріктіретін психологиялық ахуал мен дәстүрлер арқылы әсерін тигізеді.

Просмотров: 585


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст