"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.02.2018

«Көңілді тапқырлар»  сайысы.

9сынып оқушылары.

Сызу пәңі

Мұғалімі:Жусупова Гулнур Дуйсенбековна

 

 «Көңілді тапқырлар»  сайысы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке,

өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар,

логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Жоспары:
1. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
3. Математикалық сұрақтар
4. Ойымды жалғастыр (мақал - мәтелдер)
5. Жауабын тап (карточка арқылы топқа беріледі)
6. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Көңілді тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш»,  топтарын шақырамыз.
Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
«Қас қағым» сәт сайысы.  топ тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды. Сұрақтар:
1) Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар.(натурал)
2) 0 - ден үлкен сандар.(оң сандар)
3) Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі.(оң сан)
4) Ең кіші жай сан.(2)
5) Қарама - қарсы сандардың қосындысы.(0 - ге тең)
6) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
7) Кері сандардың көбейтіндісі. (1 - ге тең)
8) Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі. (180º)
9) Екі қатынастың теңдігі. (пропорция)
10) Барлық қабырғалары тең үшбұрыш. (тең қабырғалы)
11) Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
12) Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
13) Берілген шаманың жүзден бір бөлігі. (процент)
14) Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді. (хорда)
15) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).
«Үшбұрыш» тобына.
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 18 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын.

Бүйір қабырғасын табыңдар.
IV. Математикалық сұрақтар. ( топқа сурақтар беріледі)
«Үшбұрыш» тобына.
1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса)
3. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзу? (перпендикуляр)
4. 1800 - қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы).
5. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипотенуза).
6 700 - қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
7. Төртбұрыштың қарама - қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)
8. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. ( команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
 «Тапқырлық» сайысы.
«п» әрпінен басталатын,«с» әрпінен басталатын математикалық атауларды жазады
П С
планиметрия стерометрия
параллель сәуле
перпендикуляр сыбайлас
призма сан
периметр салыстыру
процент сүйір
пропорция сызықтық
паралелипипед симметрия
Жеңген топ марапатталады.

1.Не ауыр? Бір кг мақта ауыр ма, әлде бір кг темір ауыр ма? Екеуі тең.

2. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? 4 сағат.

3. Берік өзінің туған күнін төрт жылда бір рет атап өтеді. Бұл қай күн? 29 ақпан.

4.Бір жұмыртқа бес минутта піседі, ал бес жұмыртқа ше? 5 минутта.

5.Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттық және минуттық тілдері қандай бұрыш жасайды? 900

6.Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? 6

Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

1.Бір құмалақ (бір қарын майды шірітеді)

2. (Жүз теңгең болғанша) жүз досың болсын.

3. Қызға 40 (үйден тию)

4.Жеті жұрттыңтілінбіл, (жеті түрлі білім біл)

5. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

6. (Екі жақсы қас болмас,) екі жаман ДОС болмас.

Просмотров: 596


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст