Сыныптағы ата-аналар жиналысы.
Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.
Ата-ананың міндеті:
* Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
* Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
* Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
* Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
* Мектептегі іс-шараларға қатысу;
*Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Біз сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткіземіз. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: Ата-аналардың
бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру мақсатында төмендегі жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Менің отбасым» сайысы, «Ата-аналар жиналысы», «Қош келдің наурыз!» «Әкем, шешем және мен», «Менің әкем мықты»атты әкелер сайысы және т.б.
Қорытынды:Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Дегенмен, ата-аналармен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.