Мұқағали оқулары өтті
Ақиық ақынның шығармашылығына орай Целиноград ауданы білім беру мекемелерінің оқушыларының қатысуымен аудандық «Мұқағали оқулары» өтті.
Ұйымдастырылып отырған дәстүрлі байқауға ауданның мектептерінің оқушылары қатысып, бағын сынады. Біздің Жаңажол №7 негізгі мектебімізден 7 сынып оқушысы Әбілқасым Айым қатысты. Мұқағали оқуларында да топтан оза шауып, дараланып көрінуге талпынған талаптылар да аз болмады. Ең бастысы, бұл сайыс қара сөздің қадірін тереңдей ұғынып, өлеңнің қасиетін байыптай алатындай жас буынның желкілдеп өскен құрақтай жетіліп келе жатқандығын аңғартқандай әсерде қалдырды. Барлық қатысушылардың байқауға тыңғылықты дайындықпен келгендері байқалды.
Аталмыш байқаудың нәтижесінде "Көркем сөз" жанры бойынша7 сынып оқушысы Әбілқасым Айым I орынды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 1, 2, 3 орындарды еншілеп, қанжығаларына байлаған, сондай-ақ белсенділік көрсеткен сайыскерлердің мадақтамалары мен сыйлықтарын, Алғыс хаттарын әділ қазылар алқасының мүшелері
тапсырды. Айта кетейік, атаулы оқушыны дайындаған жетекшісі – Джунусова Аяужан.
Ақын өлеңдерін оқу арқылы ақиқат бейнелі рух алып, сезім мен сананың білігін көңілге ұялататтын шәкірттеріміз көп болсын. Мұқағалидың поэзиясы халық үшін таусылмайтын қайнар бұлақ. Ол – поэзияның Хантәңірі, қара өлеңнің шебері, драматург, ұстаз, сатирик, журналист, жазушы. Мұқағали Мақатаев бір ғана Қарасаздың емес, жалпы қазақтың қазынасына айналған Мұқағали шығармашылығы барша халықтың дүниесі.