"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.02.2018

Ашық сабақ сауат ашу

Тақырыбы: «Юю дыбысы мен әрпі».

(1-сынып)

Бастауыш сынып мұғалімі: Ташкенбекова А.Б.

  Сабақтың тақырыбы:

Кейіпкерлерді сипаттаймын. «Юю дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: тақырыпты түсініп,тыңдап жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: алған білімді өмірде

қолдана алады.

Жетістік критерийлері: нақты

сөйлеу арқылы,мәселені

түсінгенін көрсете алады.

 Құндылықтырды дарыту: оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 Пән аралық байланыс: өнер,ана тілі.

АКТ қолдану дағдылары: аудиожазба,таныстырылым,сергіту сәті

  Сабақтың басы:

Ынтымақтастық атмосферасы.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

  Қызығушылықтарын ояту.

Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері.

Балалар-гүлім менің,

Балалар –күнім менің.

Балалар –күйім менің,

Балалар нұр сыйлайтын

Бүгінгі күнім менің-дей отырып балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күнге теңеймін.

-олай болса осындай жақсы күймен сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін.

  Ойлан, тап ойыны.

Балалар, сабағымызды ойынмен бастаймыз. Мына допты бір оқушыға  лақтырамын. Сол оқушы мен қойған сұраққа жауап береді. Жауап берген соң допты кері маған лақтырады.ойын осылай

жалғастырамыз.

Қойылатын сұрақтар:

-дыбыс дегеніміз не?

(ауызбен айтамыз,құлақпен естейміз)

-дыбыс нешеге бөлінеді?

(дыбыс екіге бөлінеді.)

-дыбыс түрлерін ата?

(дауысты,дауыссыз)

-дауысты дыбыс қалай айтылады?қандай текшемен белгілейміз?

(дауысты дыбыс созылып айтылады,қызыл текшемен белгілейміз)

-дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?қандай боп бөлінеді?

(жуан дауысты,жіңішке дауысты)

-дауыссыз дыбыс қалай айтылады?қандай текшемен белгіленеді?

(қысқы айтылады,көк текшемен белгіленеді)

-дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?қандай болып бөлінеді?

(3-ке бөлінеді)

-сауат ашу пәнінен не үйренеміз?

  Топқа бөлу.

Ортаға оқушыларды шығарып молекула ойыны арқылы бөлу. Жұптасу 1,2,3,4,5-ке және топтарын табу.

1-топ-қызыл текше-дауыстылар тобы.

2-топ-көк текше –дауыссыздар тобы.

Балалар, біз өткен әріптерімізді қалай үйренгенімізді қонақтарға көрсетеміз. «Сөз ойла,тез ойла» атты ойынымызды бастаймыз. Қазір барлығымыз экранға қарайық. Біз қазір саяхатқа шығамыз серуендеуге өте тамаша жерге.Әріптерге байланысты сурет салынады сол заттың атын айтып қазақша,орысша,ағылшын тілінде. Өте жақсы қатысып отырған топқа дұрыс жауапқа смайлктер беру.

  Сабақ ортасы

Бүгінгі сабақты жұмбақ шешуден бастайық.

  Қорбаң,қорбаң басқан аң,

Тәтті балды аңсаған?(аю)

«Аю» сөзінде неше буын бар.

Бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?

Юю  дыбысы әрине дұрыс. Қандай дыбыс екен?Юю дыбысының баспа,жазба түрімен таныстыру.

     Ю дыбысын айтқанда й+у қосарлы дыбысы естіледі,жазғанда бірақ ю болып жазылады. Ю дыбысы өз алдында жеке буын жасай алады. Мысалы: а-ю, қо-ю, құ-ю

Тапсырма №1

Оқу және дыбыстық талдау жасату.(ауызша) Қию,

Таныстырылым:

Сұрақтар бойынша аюды сипаттау.

Аю қандай аң?

Түсі қандай?

Оның аяғы қандай?

Ол қайда тіршілік етеді?

Сұрақтарға жауап берген соң сипаттау   сөздердін

қолданып,дәлелдеулер жасату. Оқулықта берілген мәтінді оқыту.

  Сергіту сәті. Ортаға қонақты шақырту .

Әріптер бойынша жаттығу орындату.

  Дәптермен жұмыс.

Юю әрпінің бас және кіші әрпін үлгі бойынша жазу.Бас және кіші әріптермен дұрыс байланыстыру.

  Сабақтың соңы.

Рефлексия. Смайлкты көп жинаған топты анықтау. Бағдар шам бойынша сабақты қалай түсінгендерін

анықтау.

 

 

Просмотров: 772


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст