Текст
Целиноград аудандық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасында Жаңажол ауылы N7 НМ оқушылары жүлделі орындарды иеленді. "Сөз шебері" номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Жеңісбай Аружан 1 орынды иеленді."Жас қаламгер" номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Әбілқасым Айым 3 орынға ие болды. "Бейнелеушілер" номинациясына 8 сынып оқушысы Мұхамеджанова Мадина ие болды. Оқушыларды сапалы әзірлегені үшін қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Аяужан Сабырқызы Джунусованы, мектеп ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Білімнің шыңынан көрінген шәкірттер ауданымыздың абыройын асқақтата берсін