" />
08.01.2020
Тоқаев мұғалімдерге қатысты екі заң жобасына қол қойды. Олар: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» деп аталады.
«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы 21 баптан тұрады және жарты миллионнан астам ұстаздың жұмысына қатысты. Жалпы, заң жобасы төрт бағытты қамтиды.
Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту;
Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;
Үшінші, материалды емес стимул тетіктері;
Төртінші, материалдық ыңталандыру.
Заң жобасындағы негізгі ережелер:
– 42 күн демалатын педагогтердің демалыс уақытын 56 күнге ұзарту;