Коучинг жоспары
Коучингты өткізуші
Каржаспаева Зейнжамал Магазумовна ағылшын тілінің мұғалім
Өтетін орны
«Жанажол №7 негізгі мектебі»
Коучинг тақырыбы
Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас
Жалпы мақсаты
Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту туралы
түсіндіру. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру туралы бағыт беру.
Міндеттері
1.Пән бойынша мұғалімдерге оқушылармен жұмыс істеуде білім, білік, икем дағдыларын қалыптастыруға бағыт беру.
2 Тапсырманы орындауда қорытынды жасай білуге үйрету.
3 Мұғалімдерге оқушының қызығушылығын арттыру бойынша шығармашылық ізденістеріне көмектесу, оның жолдарын анықтай білуге баулу.
Күтілетін нәтижелері:
Тапсырмаларды орындау барысында жаңа білім мазмұнына сай жұмыс бағытын меңгереді.
Түйінді идеялар:
Жаңа білім мазмұны арқылы табысты оқытуға қол жеткізеді.
Дереккөздер
және
құралдар
постерлер, маркерлер, стикерлер/түрлі-түсті/
Коучингтің өтілу барысы
Бөлімдері
Уақыт
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
Ұйымдастыру
1 мин
Қатысушыларды қарсы алу,
олармен амандасу,
Қатысушылар орналасады
Тренинг
Ынтымақтастықатмосферасын құру.
Шеңберге тұру.
1*Екі өтірік,бір шындық*тренингі,шарты түсіндірілед.Шеңберде тұрған қатысушы өзіне байласнысты екі шындыққа жанаспайтын және бір ақиқат сөз айтад.Мысалы *Мен ҚРБҒ министірімен,жақында президентке кеңесші болуға шақырылдым және екі баланың анасымын.
Топқа бөлу
2 мин
*Балықтар және аквариум*Мұғалімдер өздері тандаған балықты алады,таңдаған түрі бойынша топқа топқа бөлінеді.Балыққа өзінің аты-жөнін жазып аквариумге жапсырады.Спикер тандалады.
Ой шақыру
6 мин
Қызығушылықты ояту
Көлеңке туралы бейнебаян көрсету
Бейнебаян мазмұнына байланысты топтарға тапсырмалар беріледі
1-топ «Бестармақ» Бес жолды өлең құрастыру
2- топ «Оңай және қиын сұрақтар » кестесі
3-топ «Үшбу хат» тәсілі
Бейнебаян бойынша берілген тапсырманы орындап , өз жауаптарын қорғайды
5 минут
Бейнебаян тыңдату
Білім мазмұнын жаңарту.
Бейнебаян тыңдайды
Практикалық жұмыс
(топтық жұмыс)
10мин
Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.
1-топ Жаңартылған білімге- жаңаша көзқарас (Эссе жазу)
2-топ білім реформасы:
басты өзгерістер қандай ? (Кластер құру )
3-топ Елбасы жолдауы
Білім беру саласын қандай өзгерістер күтіп тұр?
( Ассоциация әдісі)
Әр топ постер қорғайды
Өз ойларымен ойды аяқтайды
«Теориялық білімді жинақтау»
5 мин
Әр топ өз жазғандарын қорғайды
Әр топтан бір адам
2 мин
Топтар бір-бірлерін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды
Кері байланыс
Өз көңіл күйлерін, алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазып білдіреді
Оңай және қиын сұрақтар кестесі -Т кестесінің модификациясы
Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе жаңа ақпаратпен танысқанда (мәселен лекция мазмұны, мәтін) толтыра алады (алдымен жеке содан кейін жұппен, шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныппен). Кестенің сол жағына олар өз түсініктері бойынша оңай, ал сол жағына қиын сұрақтарды келтіреді.
Мысалы М.Әуезовтың «Көксерек» повесі бойынша
-Шығарманың басты кейіпкерлері кімдер?
- Шығарма қалай басталады?
-Шығарма қаншасыншы жылы жазылған?
-Құрмаштың орнында болсаң, cіз не жасар едіңіз?
-Шығарманың басты идеясы қандай деп ойлайсың?
Бұл жерде мұғалімнің оқушылармен бірге алдын –ала бұл сұрақтардың айырмашылығын анықтап алғаны орынды.
Мәселен, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар сұрақтар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады: оқушы мұнда өз ойын, пікірін білдіреді. Немесе оңай сұрақтарға бір жақты жауап беруге болады («иә»/ «жоқ»), ал қиын сұрақтарға жан-жақты жауап беру керек.
«Үшбу хат» тәсілі
Эссенің хат түрінде де қолдануы. Мысалы, сабақта қарастырған мәтін (мақала, шығарма, идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат жазған орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде мұғалімге немесе сыныптағы басқа бір оқушыға да жазуға болады.