"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім мазмұнын жаңарту контекстіндегі пәндерді оқытудың басымдықтары, оқыту практикасы» атты семинар

29.11.2019

Жаңажол ауылы №7 «Білім мазмұнын жаңарту контекстіндегі пәндерді оқытудың  басымдықтары, оқыту практикасы» атты семинар жұмысы өтті. Мақсаты:Білім беру мазмұны бағдарламасы аясында оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу. Семинарға аудандық білім беру бөлімі әдіскерлері, ауылдық округтегі мектеп мұғалімдері,  оқушылар қатысты. Ең алдымен мектеп психологы А.Б.Ташкенбекова семинарға қатысушылармен «Шаттық шеңбері» аясында тренинг ұйымдастырды.

1-сынып оқушыларымен Кенжебаева А.К. бастауыш сынып мұғалімі сауат ашу бойынша «Менің отбасым» Ұұ дыбысы мен әрпі тақырыбында ашық сабақ өткізді. 5-сынып оқушыларымен музыка пәні мұғалімі Е.Р.Есенбаев «Абай әндері» тақырыбында сыныптан тысшара ұйымдастырды. Тәлімгер Г.Д.Жусупова 9-сынып оқушыларымен өткізген «Отбасы бақыты - ол...»  сыныптан тыс іс-шарасы қызықты өтті. Ал бастауыш сынып мұғалімі А.Ташкенбекова 3-сыныппен  «Қазақтың бас ақыны. Бала Абай. Мұхтар Әуезов» әдебиеттік оқу бойынша талқылау сабағын өткізді. Семинар жұмысында орта буын оқушыларының қатысуымен Сәкен Сейфуллинге 125 жыл мерейтойы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.С. Джунусова, Д.Оралбекұлы ұйымдастыруымен  «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби кеш жоғары деңгейде өтті. Ағылшын тілі мұғалімі З.М.Каржаспаева «Жаңартылған білімге- жаңаша көзқарас»  тақырыбында коучинг өткізді.   

Просмотров: 594


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст