Текст
Ұстаз деген ұлы есім. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағы өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектері ерен. Бүгін мектебіміздің оқушылары ұстаздарды құттықтап, өлең жырларын арнап, би билеп төл мерекеде шаттыққа бөледі. Айтулы мерекеде талай жыл ұстаздық жолда еңбек еткен зейнеткер, ардагер ұстаздар шақырылып, құттықтаулар айтылды.
Құрметті барша ұстаздар қауымы! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бар жақсылық тілейміз. Шәкірттеріңіз биіктерді бағындыра берсін