"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолдауды талқылау

24.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық  диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы бойынша түсіндірме жұмысы өтті.

Целиноград ауданы Жаңажол негізгі мектебінде Целиноград ауданы Ішкі саясат бөлімі Үгіт-насихат тобы мүшесі Д.Оралбекұлы ұстаздарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық  диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы бойынша түсіндірме жұмысын өткізді.

Кездесу барысында жолдаудың ұстаздар үшін маңыздылығын, халықтың әл-ауқатын көтерудегі маңызы сонымен қатар құжаттағы білім беру бағытына тоқталып, оқушылардың қабілетіне сай кәсіби бағдар беру мен олардың толықтай жоғары оқу орындарымен қамтамасыз етілуі – мектеп жұмысының басым бағыты екенін атап өтті.

Мектеп директорының орынбасары Р.Киргизбай Жолдаудың басым бағыттарына қысқа талдау жасап, білім беру саласында орын алатын оң жаңалықтармен бөлісті. Ұстаздар өз тарапынан мемлекет басшысы ұсынған жүйелі жоспар тұрмыс сапасы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге мүмкіндік береді деген пікірін білдірді. Жаңа оқу жылының басталуының   қарсаңында жарияланған жолдауда білім беру саласы бойынша мәселе көтеріп, нақты тапсырма беруі ұстаздардың еңбекке деген құлшынысын арттырды. Елімізде өтетін жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын барлық елмен бірге асыға күтетіндердің бірі – ұстаздар.

Жолдауда ел Президенті тағы да   мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыруды тапсырды. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз. Бұл ерекше қамқорлық әрбір қазақстандық ұстазды биік шыңдарға жетелейді. Бұл қолдауды ұстаздар ерекше қуанышпен қабылдады. Білім беру саласының жақсарып,  ұстаздарға қолжетімді, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері оң шешімін табатындығына сеніміміз молайды дейді қатысушылар.

Талқылау соңында қатысушылар Президент Жолдауында көрсетілген барлық бастамаларды қолдайтындықтарын және оларды жүзеге асыруда жақсы және нақты жұмыстар жасалу қажеттігін айтты.

Просмотров: 662


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст