Тілдер айлығы шеңберінде бекітілген жоспарға сәйкес 12 іс-шара өтті.
5 қыркүйек күні Тілдер күніне арналған іс-шаралардың салтанатты ашылуы өтті.
6 қыркүйек күні 5-9 сыныптар аралағында «Менің тілім-менің мақтанышым» атты шығармалар байқауы өтті. Мектеп кітапханасында кітапханашының ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл саясаты - жастардың болашағы мен мүмкіндіктері» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Зияткерлік ойынына орта буын оқушылары қатысты.
|10 қыркүйек күні Тарих пәнінің мұғалімі Р. Қырғызбай ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушыларымен «Жаңа әліпби - жаңа дәуірдің жаңа тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде латын әліпбиіне көшудегі басымдылықтар туралы, атқарар рөлі жайы баяндалды. Оқушылар өзара пікіралмасты.
11 қыркүйек күні 5-9 сыныптар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.С. Джунусова, Д.Оралбекұлының ұйымдастыруымен «Абай -дана, Абай-дара қазақта» тақырыбында Ұлы Абайдың шығармашылығына арналған ақпараттық танымдық сабағы өтті. Абайдың туындылары бойынша оқушылар өлеңдерін жатқа айтып, шығармашылы жайлы бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар Абайдың өлеңдерінің негізгі тақырыбы бойынша талдау жасалынып, өзара пікіралмасты.
12 қыркүйек күні ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Абдыкадированың өткізуімен «Абайдың қара сөздері» бойынша екі тілде оқушылар жатқа айтып, байқау өткізілді. Шараға 8-9 сыныптың оқушылары қатысты.
13 қыркүйек күні бастауыш сынып оқушылары 1-4 сынып аралығында бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Бала тілі – бал» атты атты мәнерлеп оқудан сайыс өтті.
14 қыркүйек күні 7-9 сынып оқушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы Сәкен Сейфуллиннің мұражайына барып қайтты. Сонымен қатар ақынның 125 жылдығы аясында пікір алмасу өткізілді. Ақынның шығармашылығына арналған туындылары бойынша оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, шығармашылығына арналған тақырыптық шара өтті.
16 қыркүйек күні 5-9 сыныптар аралығында Фариза Оңғарсынованың 80 жыл мерейтойына орай 5-9 сынып оқушылары арасында ақынның өлеңдерінен байқау өтті. Оқушылар ақынның шығармашылығы мен өміріне арналған слайд қорғады.
17 қыркүйек күні бастауыш сынып аралағында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті. 18 қыркүйек күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі З.М.Қаржаспаеваның ұйымдастырылуымен «language is of the hation» тақырыбында 7-9 сынып аралығында интеллектуалдық сайыс өтті.
20 қыркүйек күні Тілдер мерекесінің салтанатты жабылуы өтті.