Тілдер күні шеңберінде «Ой мен сезім» атты Фариза оқулары
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай ҚР Халықтары Тілдері күні мерекесі аясында «Ой мен сезім» атты Фариза оқулары байқауы өтті.
Байқауға 16 оқушы қатысты. Іс-шарада аудандық кітапхана қызметкерлері ақынның шығармашылығы жайлы ақпарат беріп, ақынның кітаптарының көрмесін ұйымдастырды. Шығармашылығына шолу жасалынып, байқауға қатысушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Байқаудың әділқазылар алқасында жергілікті талантты ақын Сәнді Ақылай, мәдениет үйінің әдіскерлері, кітапханашылар болды.
Аталмыш байқаудың қорытындысында 1 орынды мектебіміздің 9 сынып оқушысы Аружан Жеңісбай иеленді. Сонымен қатар мектебімізден қатысқан 9 сынып оқушысы Әбілқасым Айым мадақтама қағазымен марапатталды. Тілдер күні шеңберінде аудан көлемінде барлық мектептерде іс-шаралар өтуде.