Тілдер күні шеңберінде «Абайдың қара сөздері» поэтикалық кеш
Тілдер күні аясында орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Г. Абдикадырова, Г. Джусупова Ұлы Абайдың қара сөздеріне арналған поэтикалық кеш ұйымдастырды. Негізгі мақсаты- Абай Құнанбаев шығармашылығы туралы оқушылардың білімін кеңейту, ақынның лирикалық өлеңдері мен қара сөздерін таныстыру, туған халқының тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, отаншылдыққа, тәрбиелі болуға, өнеге алуға баулу. Қара сөздерін жатқа оқыған оқушылар әр қара сөздерінің мән-мағынасын өз сөздерімен жеткізіп берді. Өзара пікір алмасты. Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Г.Абдикадырова Ұлы Абайдың өмірі және шығармашылығы бойынша мағлұматтармен таныстырып, бейне роликтен ақынның шығармашылығына арналған ақпараттық танымдық материалдарды көрсетті.