Текст
Тілдер күні аясында ағылшын тілі мұғалімінің ұйымдастыруымен «Stars Hour» атты жұлдызды сәт интеллектуалдық ойыны өтті. Мақсаты: Өзге тілдің бəрін біл. Өз тіліңді құрметте. Ойынды ағылшын тілі мұғалімі Зейінжамал Қаржаспаева өткізді. Ойын бірнеше турлардан тұрды. Ойынға 4 оқушыдан тұратын 4 топ қызығушылықпен қатысты. Ойынға орта буын оқушылары қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.Алғашқы кезеңі таныстыру. 2 кезең Алфавиттің ғажайып әлемі. 3 кезең Жұлдызды сәт. 4 кезеңде Сандар, 5 кезең жорға яғни аудармашы. Оқушылар сайыста тілді қаншалықты меңгергендіктерін, ойлау қабілеттерімен, білімдері бойынша бақ сынасты. Тілдер күні шеңберінде іс-шара жоспар аясында мектепте тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен іс-шаралар өтті.