Текст
Тілдер айлығы аясында поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған мектеп оқушылары поэтикалық шара ұйымдастырды. Қазақтың көрнекті ақыны, журналист, Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқушылар мәнерлеп жатқа айтып, шығармашылығы туралы баяндады. Оқушылар ақынның махаббат және отан тақырыбындағы шығармаларын оқыды. Іс-шара мақсаты - жастарды Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстырып, поэзиясын насихаттау, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу.