Бүгін 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Атаулы күн елімізде 1997 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтуде.
Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. Яғни 1993 жылы 14 сәуірінде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. 1997 жылы 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Сонымен қатар 31 мамыр – ашарлықта қаза тапқандарды еске алу күні. 1921 – 1933 жылдары аралығында (1921-1922 және 1932-1933 жылдары) қазақ даласы бір емес екі мәрте ашаршылыққа ұшырады. Бұл халқымыз үшін орны толмас нәубат әкелді. Әсіресе, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық ХХ ғасырдағы адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған трагедия болды. Әрине, бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919–1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Екінші аштық – екі жарым миллион адамның өмірін жалмады.
Осының бәрін етек-жеңі кең Қазақ жері мен халқы қарсы алып, қолынан келген жылуын жасап бақты. АЛЖИР-де болған жайт қазіргі Жаңажол ауылының маңындағы Жалаңашкөлмен тығыз байланысты.
Жалаңашкөл деген жерге қамыс дайындату үшін айдаумен бара жатқан қыз-келіншектерге өтіп бара жатқан Жаңажол бұрыңғы Қосқопа ауылының тұрғындары, қазақ балалары тас лақтырады. Айдауыл жендеттер бұған мәз болып, сендерді жас балаларға дейін жек көреді деп одан сайын қорлайды. Жазықсыз нәзік жандылар бұл қорлыққа тек көз жастарымен жауап береді. Алайда балалар оларға тас емес, аз да болса көмегіміз тисін деген оймен ас лақтырған екен. Тас деп жинап алғандары құрт екенін лагердегі қазақ әйелдерінен білгендер балалардың мейіріміне керемет таң қалады. Лагерь тұтқыны Гертруда Платайстың сол әңгімесін ақын Ғалым Жайлыбай өзінің «Қара орамал» атты поэма-реквиемінде айтқан...
Қазақ халқының мейірі мен жан жылуын жер аударылғандар мен жазықсыз түрмеде болғандардың ұрпақтары ұдайы еске алады. Бүгінгі Алғыс айту күнінде де олардың бірқатары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып та жатыр. Әлі де талай айтылып, ұрпақтан ұрпаққа қазақ жүрегінің дархандығы жете берер деген үміттеміз.