"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мерекесі

25.03.2022

Жаңажол ауылының НОМ-де  Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашты. Әр сынып мерекелік көңіл-күй сыйлап, ауылдың алты ауызынан түрлі сый тарту етті.

 

Сынып  арасында оқушылар ауыл-ауылға бөлініп, өзара жарыс өткізілді. Ұстаздар қонақтарға дәмді наурыз көже таратты. Сыныптарда қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетті. 

Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме де айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тартудан бақ сынасты. 21наурыз күні Жаңажол ауылында ауыл тұрғындары, ата-аналар және ұстаздар бірлесіп ауылдық клубта Наурыз мерекесін кеңінен атап өтті. Саханада салт-дәстүрлер көрсетіліп, тай жарысы. жабағы жарысы, арқан тарту, қазақ күресі т.б. ойындар ұйымдастырылды. Ақсақалдар ақ батасын беріп тұрғындар бір-біріне ақ тілектерін арнады. Оқушылар мен мектептің ата-аналары мерекелік кешке аса ыждаһаттылықпен дайындалғаны көрініп-ақ тұрды.

Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйі керемет! Әсіресе, оқушылар қуанып жүр. Әріптестерімізді, ата-аналарды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.

Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст