Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген «халықтық-демократиялық үкіметті» қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, «интернационалдық әскери жәрдем береміз» деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл «қырғи қабақ соғыс» кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр.
Ауған соғысының қанды қырғынынан аман - есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мыңнан астам қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден - медальдармен марапатталды. Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер.Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан әлі айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге туған жердің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің қасиетті борышымыз.. Бұл- Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Он жылға жуық, 1979-1989 жылдар аралығында, Ауғанстандағы әскерилер құрамында Қазақстаннан 21 239 жауынгер міндетін атқарды. Олардың 947-і ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. 2019 жылдың ақпараты бойынша Қазақстанда 16 820 интернационалист-жауынгер тұрып жатыр.
Осыған орай, Ақмол ауылдық ауданының әкімі, 1987 ж-«ҚСРО Қарулы күштеріне 70 ж» Медалі, 1988ж.-«Интернационалист жауынгеріне» Медалі, 1991 ж.- «Қаһарман» Медалі, 1999 ж.- «Ауған соғысының ардагеріне 10 жыл» Медалі, 2004 ж.- «Ауғанстаннан Кеңес әскерін шығарып әкеткеніне 15 жыл» Медалі, 2009 ж.- «Ауғанстаннан Кеңес әскерін шығарып әкеткеніне 20 жыл» Медалі, 2010 ж.-«Қызмет көрсеткен үшін» Орден және т.б. медаль-ордендердің иесі - Дүйсекеев Жанат Төлеуұлы Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінде оқушылармен кездестіКездесу барысында ауған соғыс кезіндегі басынан өткен оқиғалармен бөлісіп, сұхбат соңында болашақ азаматтарды Жастар жылымен құтықтап, насихат-нұсқауларын айтты.