«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Целиноград ауданы, Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінде «Ауылымның шежірелі байлығы» атты мектеп мұражайы ашылды. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған құндылықтарымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараны ұйымдастырған мектеп ұжымының мақсаты да кіндік қаны тамған жерге деген сүйіспеншілікті білдіру, өзіміздің тарихымызға, мәдениетіне, салт-дәстүріге терең бойлай білу, отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықты рухани жаңғырту арқылы жас ұрпақ бойына қалыптастыру.
Шараға аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Г.Қайыржанқызы, Ішкі саясат бөлімі мамандары, Аудандық білім беру мамандары, ауыл ақсақалдары, мектеп ұстаздарымен оқушылары қатысты. Аталмыш мұражаймен директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Рүстем Қиссаұлы таныстырып өтті. Тәрбие ісінің жөніндегі меңгерушісі Аманжолова Гұлнар ауыл тарихымен ауылдың шыққан тұлғаларымен таныстырып өтті.
Ең бастысы тарихымызбен мәдениетіміздің сақталуы ұрпақ сабақтастығы. Ата-бабамыз бізге асыл мұра қалдырды: тіліміз, салт-дәстүр, өнер, мәдениет. Оны көзінің қарашығындай сақтау бүгінгі ұрпақтың еншісінде.
Мектеп мұражайында Жаңажол ауылының тарихына қатысты мағлұматтар мен заттар қойылған. Көптеген материалдар ауылдағы тыл еңбеккерлері, ҰОС, Социалистік еңбек ардагерлері жайында және алғашқы тың игеру уақытындағы заттар, қолөнер бұйымдар, тұрмыста қолданған құралдармен құнды заттар қойылған. Кішігірім мұражайдан Жаңажол ауылының тарихымен мәдениетімен байланысты дүниелерді, ауылдан шыққан Оспан қажы ақынның кітаптарын, оқушылардың қолөнер бұйымдарын тамашалауға болады. Іс-шара мектеп өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ауыл тарихымен байланысты көрініспен ұласты.
Оқушыларды туған жерін,Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту, рухани құндылықтармен тарихы арқылы өткенімізді жаңғырту.
Жаңажол ауылының өзі перзентімен тұрғыны үшін қымбат, әрбір оқушы бүгінгі Рухани жаңғыру бағытында атқарылып жатқан шарада қастерлі мекеннің ұлтарақтай бір бөлігі – Жаңажол ауылы мекені тарих пен шежіреге тұнып тұрғанын бойына қалыптастыра білгені. Рухани жаңғыру деген кешегімен бүгінгіні сабақтастырып болашаққа аманат ету.
Тарих пәні мұғалімі Рүстем Қиссаұлы