Текст
14.01.2022
Қысқы каникул кезінде 6-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Г.Қ.Абдыкадырова "Нағыз дос" тақырыбында пікіралмасу өткізді.

Мақсаты: оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету. Оқушылар тақырып аясында өзара пікіралмасты.
