Қысқы каникул кезінде Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Асланбек Муратбек тоғызқұмалақ үйірмесін өткізді. Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелерімен таныстырып өтті.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ҰЛТТЫҚ
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.
І. Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
ІІ. Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
ІІІ. “Атсырау” ережесі
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады. Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, №1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді. Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.
Мәселен, төмендегі тақтадағы жағдайға назар аударайық.
Жүріс ақ жағынан:
1. 89 91 (79)
2. 78 89
3. 89 91 (80)
Ендігі кезекте төмендегідей жағдай орын алады.
Жүріс ақ жағынан.
Амал жоқ
4. 94 жүрісін жасайды. Қара жағы 12 жүреді.
5. 91 12 ақ жағы ұтылып қалады.
Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.