Текст
Жаңажол ауылының негізгі орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында орта буын оқушыларымен "Тәуелсіздік жетістіктері" атты іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушыларға ел тәуелсіздігі жылдары жеткен жетістіктер, Тәуелсіздік игілігі туралы ақпарат беріліп, оқушылар "Тәуелсіздік " туралы өлеңдер жатқа айтты. Еліміздің 30 жыл ішінде жеткен жетістігі туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Аталмыш шарада "Тәуелсіздіктің тұғыры" жайында бейнебаян ұсынылды. Шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді.