Текст
Мектепте Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Е.Бейсенбаев ұстаздармен «Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани – адамгершілік тәрбиелеудің негізі» атты тренинг ұйымдастырды. Өзін-өзі тану пәнін баска сабақтармен ықпалдастыру және құндылықтардың мәнін ашу жөнінде ұжыммен түсіндірмелі жұмыс жүргізді. Өзін-өзі тану мұғалімі семинарды Шаттық шеңберін құрумен,жағымды көңіл күй сыйлаумен бастады.
Шығармашылық жұмыс ретінде топка бөлінген семинар қатысушыларына «Армандар картасы» құрастыруға тапсырма берілді. Одан соң, алдағы үш жылға менің жоспарым негізінде, үш қатысушы ортаға шығып, өз жоспарларымен бөлісті.