Жаңажол ауылының негізгі орта мектебінде мектепішілік президенттік сайлау өтті. Мектеп Президентінің сайлауы шарасына мектептің барлық оқушылары мен педагогикалық ұжым белсене ат салысты. Үміткерлікке әр сыныптан оқушылар өз кандидатурасын ұсынып, үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп, сайлауға қатысты. Атап айтқанда 5 сыныптан Дүйсенбек Аруназ, 6 сынып оқушысы Мұқатай Жансая, 7 сынып оқушысы Зайкен Гүлназ, 8 сынып оқушысы Кисикова Алмагүл, 9 сынып оқушысы Нұрбай Ералы. Іс-шараның ашылу салтанатында мемлекеттік әнұран орындалып, мектеп директоры Қ.Қ. Мауленова үміткерлерге сәттілік тілеп, поезиденттік сайлаудың ерекшелігі туралы тоқталып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Г.Д.Аманжолова сайлау тәртібімен таныстырып, комиссия мүшелермен таныстырып өтті. Шараның модераторы Д.Оралбекұлы үміткерлерге қойылатын талаптар мен тәртіп туралы, сайлаушылардың дауыс беру тәртібін түсіндіріп өтті.
Белгіленген уақыт аралығында мектепті басқару, оқушылардың өзін-өзі басқару мақсатында әр үміткер өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, мектеп өмірінде атқарылатын басымдылықтарын сайлаушыларға жеткізді. Оқу және тәрбие үрдісінде өздерінің алға қойған мақсаттарын жүзезеге асыру бағытында әр үміткердің бағдарламасы маңызды болды. Сайлаушылар үміткерлердің бағдарламасын тыңдап болған соң тіркеу комиссиясына тіркеліп өз дауыстарын берді. Шара соңында арнайы құрылған комиссия жәшікті ашып, бақылаушылардың қатысуымен дауыстарды санап, қорытындысын хаттамаға тіркеп, нәтижесін шығарды.
Мектепішілік президенттік сайлау қорытындысында ең көп дауыс жинаған 9 сынып оқушысы Нұрбай Ералы мектеп президенті болып сайланды. Жеңіске жеткен үміткерді ұстаздар, оқушылар құттықтап, сәттілік тіледі. Алда міндеттермен, жоспарлар, іс-шаралар күтіп тұр. Оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мұндай бағыттың тиімділігі ерекше.