Текст
Жаңажол ауылының негізгі орта мектебінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай онкүндік шеңберінде "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты іс-шара ұйымдастырылды. Орта және жоғары буын оқушылары тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтып, мемлекеттік тілдің атқарар рөлі жайлы пікіралмасты.
Оқушылар ақындардың тіл туралы жазған өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып, өлең жолдарында айтылған негізгі ойларды бүгінгі күнмен байланыстырып өз ой-пікірлерін жеткізді. Онкүндік аясында алдағы күндері орыс, ағылшын тілдерінде іс-шаралар өз жалғасын табады.