Бүгін Целиноград ауданы Жаңажол ауылының N7 негізгі мектебінде 3 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Жалпықазақстандық диктантқа мектеп мұғалімдері қатысты. Ашық диктантты негізі ұйымдастырушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, өңірлердегі «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері, облыстық, қалалық және аудандық кітапханалар, білім бөлімдері.
Диктант синхронды түрде ұйымдастырылды. Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болып табылады. Диктанттың нәтижесінде қатысушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, сауатты қоғам болудың маңыздылығы болды.
Ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша мектепте қазақ тілі мұғалімдері ашық диктанттың нәтижесін бағалады. Диктантқа 9 сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері, қызметкерлер қатысты. Ашық диктантты жазғандардың деңгейі жақсы.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру, жалпы сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған жалпықазақстандық ашық диктантын қоғам болып қолдады. Ашық диктант барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді.