"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 қыркүйек білім күні

03.09.2021

Жаңажол ауылының N7 негізін орта мектебінде 1 қыркүйек білім күні салтанатты іс-шарасы дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1 сынып оқушылары үшін ғана ұйымдастырылды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді, ұстаздарды, ата-аналарды мектеп директоры Қ.Қ.Мауленова құттықтап, жаңа оқу жылының басталуына орай табыстар мен сәттілік тіледі. 1 сынып оқушылары білім күніне арналған өлеңдерін айтып, әліппе әнін орындап берді. Ұстаздары А.Ташкенбекова. Мектеп директоры Қ.Қ.Мауленова 1 сынып оқушыларына салтанатты түрде алғашқы оқулығы Әліппені табыстады. Сонымен қатар бүлдіршіндердің ата, әжелері, ата-аналары ақ тілектерін жолдады. Шөбересінің мектепке барғанына арнайы келген педагогтар династиясы атанған, ардагер ұстаз болған Дәулет Аманжолов ақсақал барлық оқушыларға ақ батасын берді. Білім күні 2 мен 9 сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинеттерге барып, сонда тақырыптық сынып сағаттарына қатысты.Тәуелсіздігіміздің жетістіктері жайлы сынып сағаттары өтті. Салтанатты жиын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өтті.

Просмотров: 509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст