17.08.2021
Жаңажол ауылының N7 негізгі ортамектебінде "Балақайлар мектебі" курсының жұмысын бастауыш сынып мұғалімі А.Ташкенбекова ұйымдастырды.
Жазғы кезеңде 1-сыныпқа қысқа мерзімді дайындау және мектепке сәтті бейімделу мақсатында "Балақайлар мектебі"мектепалды даярлық курсы кестеге орай өтуде.

Бұл курс - ата-аналар үшін маңызды.

Даярлық курсының мақсаты: Балалардың мектепте оқуға деген ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, бірінші сыныпқа табысты бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады.
1-сынып оқушыларына жоспар сабақ кестесі бойынша мектеп ережелері, өздерін ұстай білу, сөйлеу мәдениеті жайында таныстырылып, өз жалғасын табуда.Балақайлар мектебі курсы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді.