"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11.04.2018

Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінде қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуіне байланысты «Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам…» тақырыбында шаралар өткізілді.

«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.  Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады».

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың

Жолдауынан. 

 

Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай көтеріліп келеді. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының

ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі

коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты

жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», — деген еді. «Қазақстан-2050» стратегиясында латын тіліне 2025 жылы толық көшетініміз туралы кесімді сөз айтылды.

Осы орайда Мектеп директоры Қаршыға қазалиқызы Мауленова ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы кезекті Қазақстан халқына жолдауын ұстаздар кеңесінде талданды. Ұстаздар өз кезегінде өздерінің ой-пікірлерін жеткізді. Латын әліпбиіне көшу білім саласында да тың жаңалық болуда. Қаршыға Қазалиқызы алдағы уақытта қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуіне байланысты өтілетін іс-шаралар жоспарын бекітті.

Просмотров: 605


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст